Ақсу қалалық мәслихатының 2023 жылғы 18 қазандағы "Ақсу қаласы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы"№ 59/9 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2024 жылғы 23 ақпандағы № 112/16 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 28 ақпанда № 7492-14 болып тіркелді

      Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақсу қалалық мәслихатының 2023 жылғы 18 қазандағы "Ақсу қаласы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы" № 59/9 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7408-14 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелері 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда хостелдерді, қонақжайларды, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, туристерді орналастыру орындарында болу құнынан 0 (нөл) пайыз мөлшерінде бекітілсін."

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақсу қалалық мәслихатының төрағасы М. Омаргалиев