Мәслихаттың "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 2 қарашадағы № 61 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2024 жылғы 30 сәуірдегі № 94 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 2 мамырда № 10190-10 болып тіркелді

      Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 2 қарашадағы № 61 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10081 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      6-тармақтың 9) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "9) азаматқа (отбасына) дүлей апаттың немесе өрттің салдарынан не оның мүлкіне зиян келуіне байланысты, табыстарын есепке алмай, біржолғы, 100 айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерде;".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2024 жылдың 10 сәуірінен бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Қостанай қалалық мәслихатының төрағасы О. Байгабулов