"Қазалы ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" Қазалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 19 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 6 мамырдағы № 227 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 21 мамырда № 8523-11 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қазалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Қазалы ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" Қазалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 19 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8407-11 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазалы аудандық мәслихатының төрағасы Ғ. ӘЛІШ