Қазалы аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 5 мамырдағы № 224 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 13 мамырда № 8521-11 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қазалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қазалы аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) "Қазалы ауданының қала, кент және ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" Қазалы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 8 маусымдағы №198 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6341 болып тіркелген);

      2) ""Қазалы ауданының қала, кент және ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" Қазалы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 8 маусымдағы № 198 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Қазалы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 27 тамыздағы № 93 шешімі.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазалы аудандық мәслихатының төрағасы Ғ. ӘЛІШ