Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру қағидаларын бекіту туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2012 жылғы 6 желтоқсандағы № 63 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4387 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру қағидаларында:
10-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"10. Куәлік пен төсбелгі облыс (қала, аудан) әкімімен және (немесе) облыстық (қалалық, аудандық) мәслихаттың төрағасымен салтанатты жағдайда тапсырылады.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облыстық мәслихатының төрағасы | Н. Байкадамов |