Ақтоғай ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының әкімдігінің 2024 жылғы 4 қыркүйектегі № 46/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 6 қыркүйекте № 6646-09 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақтоғай ауданы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

      1) 2003 жылғы 27 наурыздағы № 03/22 "Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қоғамдық жұмыстармен айналысатын азаматтардың еңбегiне ақы төлеу нұсқаулығы туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1172 болып тіркелді);

      2) 2010 жылғы 24 желтоқсандағы № 18/37 "Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-10-129 болып тіркелді).

      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақтоғай ауданының әкімі А. Аманжолов