Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 2018 жылғы 24 мамырдағы № 26/162-VI "Семей қаласының ауылдық округтері мен кенттерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентін бекіту туралы" шешімінің күшін жою туралы

Абай облысы Семей қаласы мәслихатының 2024 жылғы 16 ақпандағы № 21/123-VIII шешімі. Абай облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 21 ақпанда № 221-18 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, Абай облысы Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының "Семей қаласының округтері мен кенттерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентін бекіту туралы" 2018 жылғы 24 мамырдағы № 26/162-VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-2-178 болып тіркелген) шешімнің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Семей қаласы мәслихатының төрағасы
      Д. Шакаримов