Ақтөбе қалалық мәслихатының 2016 жылғы 23 қарашадағы № 114 "Ақтөбе қаласында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2024 жылғы 8 ақпандағы № 144 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 12 ақпанда № 8499 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2024 жылғы 30 мамырдағы № 173 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 30.05.2024 № 173 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақтөбе қалалық мәслихатының "Ақтөбе қаласында әлеуметтiк көмек көрсету, мөлшерлерiн белгiлеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау Қағидаларын бекiту туралы" 2016 жылғы 23 қарашадағы № 114 шешiмiне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5179 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгiзiлсiн:

      көрсетілген шешіммен бекітілген, Ақтөбе қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларында:

      7 тармақтың 2 тармақшасының екінші абзацы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатын бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға, бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектігі бар балаларға 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде;";

      7 тармақтың 3 тармақшасының үшінші абзацы алып тасталсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе қалалық
мәслихатының төрағасы
А. Даржанова