"Жұмыскерлерді, басшылар мен еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдарды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытудан, нұсқау беруден және білімін тексеруден өткізу қағидалары мен мерзімдерін бекіту т

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2024 жылғы 21 тамыздағы № 323 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 23 тамызда № 34970 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1.  "Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 620 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді.";

      мынадай мазмұндағы 39-3-тармақпен толықтырылсын:

      "39-3. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілердің банктік қарыз шарты және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша негізгі борыш пен сыйақы төлемдері мерзімді әскери қызмет өткеру мерзімін және ол аяқталғаннан кейінгі 60 күнді қамтитын кезеңге кейінге қалдырылады, қарыз және (немесе) микрокредит бойынша сыйақы есепке жазылмайды.".

      2.  Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін, бірақ ерте дегенде 2024 жылғы 20 тамызда қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов