БҰЙЫРАМЫН:
1. "Болашақ" халықаралық стипендиясын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 22 мамырдағы № 318 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11258 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындауға үміткерлер үшін мемлекеттік және шет тілдерін білудің қажетті ең төменгі деңгейінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындауға үміткерлер үшін қазақ тілін білудің қажетті ең төменгі деңгейі:
"Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындауға үміткерлер үшін қазақ тілін білудің қажетті ең төменгі деңгейі В1 деңгейін (базалық деңгей) құрайды.
"Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындауға үміткер Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі "Ұлттық тестілеу орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны берген В1 және одан жоғары деңгейде қазақ тілінен (ҚАЗТЕСТ) емтихан тапсырғаны туралы ресми сертификатты не Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының базасында әзірленген QAZAQ RESMI TEST (ҚАЗАҚ РЕСМИ ТЕСТ) онлайн тестілеу жүйесінде B1 және одан жоғары деңгейімен қазақ тіл бойынша емтихан тапсырғаны туралы QAZAQ RESMI TEST (ҚАЗАҚ РЕСМИ ТЕСТ) ресми сертификатты ұсынады, осы сертификаттың түпнұсқалығын және үміткердің тестілеу нәтижелері туралы ақпаратты тексеру үшін Quick Response (Квик Респонс) штрих-кодының болуы және www.qrt.kz. ресми сайтында үміткердің ID (АЙДИ) нөмірі ұсынылады.";
екінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Ағылшын тілін білу деңгейімен: IELTS: 9.0-ден 5.5; TOEFL: IBT 120-дан 46-дан 59-ға дейін, PBT/ITP 677-ден 417-ден 497-ге дейін; DET 160-тан 95-тен 104-ке дейін; IELTS Indicator 5.5 ресми жарамды сертификатты, сондай-ақ тілдік курстардан өту ұйымдастырылатын шетелдік жоғары оқу орнына академиялық оқуға сөзсіз шақыру туралы хат ұсынған инженерлік-техникалық, медицина қызметкерлері, ауылдық елді мекендерден үміткерлер ағылшын тілін білудің екінші шекті деңгейіне сәйкес келеді.".
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушысы |
Д. Щеглова |