Төлеби ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 9 желтоқсандағы № 417 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысының күшін жою туралы

Түркістан облысы Төлеби ауданы әкiмдiгiнiң 2023 жылғы 6 қарашадағы № 706 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2023 жылғы 7 қарашада № 6398-13 болып тiркелдi

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабына сәйкес, Төлеби ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Төлеби ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 9 желтоқсандағы № 417 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5939 нөмірімен тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулы оның алғашқы жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледi.

      Төлеби ауданының әкімі Т. Телгараев