Мәслихаттың 2014 жылғы 28 қарашадағы № 272 "Меңдіқара ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы мәслихатының 2023 жылғы 4 сәуірдегі № 21 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 20 сәуірде № 9971 болып тіркелді

      Меңдіқара аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Мәслихаттың 2014 жылғы 28 қарашадағы № 272 "Меңдіқара ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5241 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімге қосымшаның 3 - тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысын уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанға Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 226 "Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20498 болып тіркелген) бұйрығына айқындалған тәртіппен есептейді.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудаңдық мәслихаттың төрағасы К. Рахметкалиев