Мәслихаттың 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 331 "Қамысты ауданында аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 2023 жылғы 25 тамыздағы № 64 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 15 қыркүйекте № 10056 болып тіркелді

      Қамысты аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Мәслихаттың "Қамысты ауданында аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 331 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6140 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасында 3 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "3. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысын "Тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу қағидаларын бекіту туралы" 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 226 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20498 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығымен айқындалатын тәртіппен тұрғын үй көмегін алуға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсан үшін уәкілетті орган есептейді".

      2. Осы шешім оның алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қамысты аудандық мәслихатының төрағасы Н. Искаков