Мәслихаттың 2014 жылғы 14 қарашадағы № 193 "Әулиекөл ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 12 мамырдағы № 39 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 23 мамырда № 10009 болып тіркелді

      Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Әулиекөл ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" мәслихаттың 2014 жылғы 14 қарашадағы № 193 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5209 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1-қосымшасының 3-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "3. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысын уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанға "Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу Қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 28 қарашадағы № 661 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 174591 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен есептейді.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың төреғасы Д. Койшибаев