"Қостанай қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" мәслихаттың 2015 жылғы 9 ақпандағы № 291 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2023 жылғы 14 маусымдағы № 35 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 21 маусымда № 10031 болып тіркелді

      Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Қостанай қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" мәслихаттың 2015 жылғы 9 ақпандағы № 291 шешіміне (Нормативтік құқытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5400 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Көрсетліген шешімнің 1-қосымшасында:

      3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "3. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысын уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанға "Тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 226 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20498 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен есептейді.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай қалалық мәслихатының төрағасы О. Байгабулов