Приозерск қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 14 мамырдағы № 21/80 "Приозерск қаласының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды анықтау туралы" қаулысының күшін жою туралы

Қарағанды облысы Приозерск қаласының әкімдігінің 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 15/78 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 21 сәуірде № 6395-09 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, Приозерск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Приозерск қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 14 мамырдағы № 21/80 "Приозерск қаласының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды анықтау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 6337 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Приозерск қаласының әкімі С. Сатаев