Зеренді аудандық мәслихатының 2017 жылғы 6 ақпандағы № 10-83 "Зеренді ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер е

Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 3-17 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 5 мамырда № 8551-03 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 13-95 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 26.12.2023 № 13-95 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Зеренді аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Зеренді аудандық мәслихатының "Зеренді ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 6 ақпандағы № 10-83 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5756 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген, Зеренді ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      орыс тіліндегі тақырыбы жана редакцияда жазылсын, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      7-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2) 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні:

      саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына, саяси қуғын-сүргіндерген зардап шеккен, мүгедектігі бар немесе зейнеткер болып табылатын, "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен ақталған адамдарға 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін қуғын-сүргінге ұшыраған адамдарға, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда – 200 000 (екі жүз мың) теңге;";

      7-тармақтың 4) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "4) 25 қазан - Республика күні:

      1, 2, 3 топтардағы мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға, ең төмен және төмен зейнетақы мөлшерінен төмен алатын зейнеткерлерге 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;";

      8-тармақтың 1) тармақшасында:

      "50 саны 289 санына ауыстырылсын".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Зеренді аудандық мәслихатының төрағасы Р.Габдуллина