Көкшетау қалалық мәслихатының 2023 жылғы 18 мамырдағы № С-3/5 "Көкшетау қаласы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2023 жылғы 15 қыркүйектегі № С-6/6 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 18 қыркүйекте № 8620-03 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Көкшетау қалалық мәслихатының "Көкшетау қаласы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы" 2023 жылғы 18 мамырдағы № С-3/5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8572-03 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Көкшетау қалалық мәслихатының төрағасы Д.Акимов