"Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2023 жылғы 13 қарашадағы № 405-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 14 қарашада № 33632 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі сауда қағидаларында:

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 35-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "35-1) сауда базарын жаңғырту – автодүкендерді қоспағанда, стационарлық немесе стационарлық емес сауда объектілерінің пайдалану көрсеткіштерін құрылыс-монтаждау жұмыстары, қолданыстағы ғимаратты қайта құру, қайта жаңарту немесе аумақтың қолданыстағы шекараларында жаңа ғимарат салу арқылы объектіні пайдаланудың қазіргі заманғы талаптары мен технологияларына сәйкес келтіруге бағытталған іс-шаралар кешені;";

      2-тармақтың 56) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "56) тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) сапасы – тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) тұтынушы қажеттіліктерін қанағаттандыру қабілетіне жататын сипаттамаларының жиынтығы;";

      2-тармақтың 63) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "63) ішкі сауда – жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы аумағында тауарларды сатып алуды-сатуды жүзеге асыруға бағытталған кәсіпкерлік қызметі;";

      мынадай мазмұндағы 33-1-тармақпен толықтырылсын:

      "33-1. Сауда базарының меншік иесі 1.04-26-2022 "Азаматтық, өндірістік ғимараттар мен құрылыстарды қайта жаңғырту, күрделі және ағымдағы жөндеу" Қазақстан Республикасының құрылыс нормаларында белгіленген талаптарға сәйкес жаңғыртуды жүзеге асырады.".

      2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрі
А. Шаккалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Өнеркәсіп және құрылыс

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі