"Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 17 тамыздағы № 405 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 6 қазандағы № 541 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 11 қазанда № 33538 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1 "Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 17 тамыздағы № 405 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24045 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламентінде:

      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Кенттер мен қалалар, сондай-ақ ауылдық елді мекендер аумағында өртке қарсы қызмет бөлімшелерін орналастыру кенттер мен қалалардағы шақыру жасаған орынға алғашқы өрт бөлімшесінің жету уақыты 10 минуттан аспауы, ал ауылдық елді мекендер үшін – 20 минуттан аспауы тиіс деген шартқа сүйеніп анықталады.

      Қалалар мен елді мекендер үшін өрт деполары мен өрт сөндіру автомобильдерінің саны сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес анықталады.

      Ұйымдар мен объектілерде мемлекеттік емес өртке қарсы қызметті құру Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 29 мамырдағы № 281 бұйрығымен бекітілген міндетті түрде мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объектілердің тізбесіне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32631 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметті техникалық жарақтандыру Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 782 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің қызметін жүзеге асыру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 9931 болып тіркелген) сәйкес айқындалады.".

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
С. Шарипханов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сауда және интеграция министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі