"Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2023 жылғы 21 шілдедегі № 388 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 24 шілдеде № 33139 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өрт қауіпсіздігі қағидаларында:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Объектілердегі Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 29 мамырдағы № 281 бұйрығымен бекітілген міндетті түрде мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объектілердің тізбесіне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32631 болып тіркелген) сәйкес мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің жұмысы ұйымдастырылады. Объектілердегі мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді ұйымдастыру тәртібі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 782 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің қызметін жүзеге асыру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9931 болып тіркелген) сәйкес айқындалады.".

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
міндетін атқарушы
И. Кульшимбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясы

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі