"Көтермелеудің салалық жүйесі жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 27 маусымдағы № 181 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 шiлдедегi № 165 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 3 шiлдеде № 33021 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Көтермелеудің салалық жүйесі жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 27 маусымдағы № 181 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13986 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 11) тармақшасына және "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көтермелеудің салалық жүйесі жөніндегі нұсқаулығында:

      7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Қызметкерлерді көтермелеу үшін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Аппарат басшысының (бұдан әрі – Аппарат басшысы) бұйрығымен комиссия құрылады.

      Комиссия мүшелерінің құрамы тақ саннан құрылады. Комиссия құрамы комиссия төрағасын есептемегенде Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт вице-министрлерінен, аппарат басшысынан, ведомстволардың басшыларынан немесе орынбасарларынан, тиісті салаға жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелердің немесе олардың міндеттерін атқарушы тұлғалардан тағайындалады.

      Комиссия төрағасы болып Аппарат басшысы тағайындалады.

      Хатшы Министрліктің Персоналды басқару қызметінің қызметкерлерінің ішінен анықталады.".

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Персоналды басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
А. Оралов