"Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасының сақталуы бойынша тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының - Сауда және интеграция министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 222-НҚ және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 107 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 13 маусымда № 32770 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасының сақталуы бойынша тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрінің 2022 жылғы 14 наурыздағы № 140-НҚ және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 15 наурыздағы № 23 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27176 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада бекітілген Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) аккредиттеу және сәйкестікті бағалау саласындағы тәуекел – адамның өмірін немесе денсаулығын бақылау субъектісінің қызметі нәтижесінде, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, оның зардаптарының ауырлық дәрежесін ескере отырып, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы;

      2) бақылау субъектілері (объектілері) – аккредиттеу жөніндегі қызметті, өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттауды, өлшем құралдарын салыстырып тексеруді, сынауды, өнімнің, процестердің, көрсетілетін қызметтердің сәйкестігін растау жөніндегі жұмысты жүзеге асыратын субъектілер (объектілер);

      3) балл – тәуекелді есептеудің сандық өлшемі;

      4) деректерді қалыпқа келтіру – әртүрлі шкалада өлшенген мәндерді шартты түрде жалпы шкалаға келтіруді көздейтін статистикалық рәсім;

      5) елеулі бұзушылықтар – жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделерін қозғайтын, халықтың өміріне, денсаулығына зиян келтіру қаупінің туындауы үшін алғышарттар жасайтын Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасы талаптарының бұзылуы;

      6) елеусіз бұзушылықтар – елеулі және өрескел бұзушылықтарға жатпайтын Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасы талаптарының бұзылуы;

      7) өрескел бұзушылықтар – сәйкестікті бағалау құжаттарын және аккредиттеу аттестаттарын негізсіз беруге және (немесе) бермеуге әкеп соғатын, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделерін қозғайтын, халықтың өміріне, денсаулығына зиян келтіру қатерлерін туғызатын Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар;

      8) тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары – бақылау субъектісінің тікелей қызметіне, салалық даму ерекшеліктеріне және осы дамуға ықпал ететін, бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің әртүрлі дәрежелеріне жатқызуға мүмкіндік беретін факторларға байланысты сандық және сапалық көрсеткіштердің жиынтығы;

      9) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі – объективті өлшемшарттар) – сәйкестікті бағалау және аккредиттеу саласындағы тәуекел дәрежесіне байланысты бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын және жеке бақылау субъектісіне (объектісіне) тікелей тәуелді емес тәуекел дәрежесін бағалау өлшем шарттары;

      10) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) – нақты тексерілетін бақылау субъектісі объектісі) қызметінің нәтижелеріне байланысты бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшем- шарттары;

      11) тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі – бұл ретте тәуекелдің жол берілетін деңгейін қамтамасыз ететін, кәсіпкерлік еркіндігін шектеудің ең аз ықтимал дәрежесі мақсатында бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды кейіннен жүзеге асыру үшін бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекел дәрежелері бойынша бөлу жолдарының қолайсыз факторларының туындау ықтималдығын азайтуға бағытталған басқарушылық шешімдерді қабылдау процесі қызметтің сәйкестікті бағалау және аккредиттеу саласында, сондай-ақ нақты бақылау субъектісі (объектісі) үшін тәуекел деңгейіне енгізілген өзгерістерді және (немесе) осындай бақылау бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудан босатуды және (немесе) тексеруді жүзеге асыру;

      12) тексеру парағы – бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын, оларды сақтамау адамның өмірі мен денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қатер төндіруге әкеп соғатын талаптардың тізбесі;

      13) іріктеме жиынтық (іріктеме) – Кодекстің 143-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың нақты саласында бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобына жататын бағаланатын субъектілердің (объектілердің) тізбесі.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау үшін сәйкестікті бағалау және аккредиттеу саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын (Шешімдердің көп өлшемшартты талдауы) объективті және субъективті өлшемшарттар арқылы қалыптастырылады.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Тәуекел дәрежесін бағалау үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады:

      1) бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері (бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау қорытындылары бойынша берілген қорытынды құжаттар);

      2) бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы алдыңғы тексерулердің және профилактикалық бақылаудың нәтижелері;

      3) мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері.

      Қолда бар ақпарат көздері негізінде аккредиттеу және сәйкестікті бағалау саласындағы мемлекеттік бақылау органы бағалауға жататын субъективті өлшемшарттарды қалыптастырады.

      Субъективті өлшемшарттарды талдау және бағалау бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты бақылау субъектісінің (объектісінің) тексеру жүргізуді және профилактикалық бақылауды барынша ықтимал тәуекелмен шоғырландыруға мүмкіндік береді.

      Бұл ретте, талдау және бағалау кезінде бақылау нақты субъектісіне (объектісіне) қатысты бұрын ескерілген және пайдаланылған субъективті өлшемшарттардың деректері не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап қою мерзімі өткен деректер қолданылмайды.

      Өткен профилактикалық бақылаудың қорытындылары бойынша берілген бұзушылықтарды толық көлемде жойған бақылау субъектілеріне қатысты барып, оларды мемлекеттік бақылаудың кезекті кезеңіне тізімдерді қалыптастыру кезінде енгізуге жол берілмейді."

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Салалық тәуекелдерді айқындау үшін ақпарат көздері бойынша тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары осы өлшемшарттарға 1-қосымшада келтірілген.

      Аккредиттеу және сәйкестікті бағалау саласындағы бұзушылықтардың маңыздылық дәрежесі бойынша бөліп көрсетілген субъективті өлшемшарттары осы өлшемшарттарға 2-қосымшада келтірілген.";

      мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:

      "12-1. Ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру кезінде субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін, сондай-ақ тәуекел дәрежесінің көрсеткіштерін есептеу осы өлшемшарттарға 1-қосымшаға сәйкес субъективті өлшемшарттар тізбесі негізінде жүзеге асырылады.

      Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеу (R) алдыңғы тексерулер мен бақылау субъектілеріне (объектілеріне) барып профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін (SP) және субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін (SC) қосу жолымен, кейіннен деректер мәндерін 0-ден бастап 100 баллға дейінгі ауқымда қалыпқа келтіре отырып, автоматтандырылған режимде жүзеге асырылады.

      Rаралық = SP + SC, мұнда

      Rаралық – субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің аралық көрсеткіші,

      SР – бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші,

      SC – субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші.

      Есептеу мемлекеттік бақылаудың әрбір саласының бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының әрбір бақылау субъектісі (объектісі) бойынша жүргізіледі. Бұл ретте, мемлекеттік бақылаудың бір саласының бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобына жататын бағаланатын бақылау субъектілерінің (объектілерінің) тізбесі деректерді кейіннен қалыпқа келтіру үшін іріктеме жиынтықты (іріктемені) құрайды.

      Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеу 0 ден 100 баллға дейінгі шкала бойынша жүргізіледі және мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:



     

– субъективті өлшемшарт көрсеткіші,

     

– xi субъективті өлшемшарт көрсеткішінің үлес салмағы,

      n – көрсеткіштер саны.

      Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің алынған мәні субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің есебіне енгізіледі.

      Субъектілер (объектілер) бойынша есептелген мәндер 0-ден 100 баллға дейінгі ауқымға қалыпқа келтіріледі. Деректерді қалыпқа келтіру мынадай формуланы пайдалана отырып, әрбір іріктеме жиынтық (іріктеме) бойынша жүзеге асырылады:



      R – жеке бақылау субъектісінің (объектісінің) субъективті өлшемшарттары бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші (қорытынды),

      Rmax – бір іріктеме жиынтыққа (іріктемеге) кіретін субъектілер (объектілер) бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі шкаласы бойынша ең жоғары ықтимал мән (шкаланың жоғарғы шекарасы),

      Rmin – бір іріктеме жиынтыққа (іріктемеге) кіретін субъектілер (объектілер) бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі шкаласы бойынша мүмкін болатын ең төменгі мән (шкаланың төменгі шекарасы),

      Rаралық – субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің аралық көрсеткіші.";

      Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына 1-қосымша осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына 2-қосымшада:

      атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Барып профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексерулер жүргізу кезінде аккредиттеу және сәйкестікті бағалау саласындағы бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қойылатын талаптардың бұзылу дәрежесі";

      мынадай мазмұндағы жол:

      "

Өлшемшарттар

Бұзушылық дәрежесі

      "

      мынадай редакцияда жазылсын:

      "

№ р/с

Талаптың атауы

Бұзушылық дәрежесі

      ";

      Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына 3, 5, 6 және 7-қосымшалар алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрі
__________А. Куантыров

Қазақстан Республикасы Премьер-
Министрінің орынбасары - Сауда және
интеграция министрі
__________С. Жумангарин

      "КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы

  Құқықтық статистика және
арнайы
есепке алу жөніндегі комитеті
Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрі
2023 жылғы 12 маусымдағы
№ 107 мен
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Сауда және интеграция министрі
2023 жылғы 12 маусымдағы
№ 222-НҚ Бірлескен бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасының
сәйкестiктi бағалау саласындағы
аккредиттеу туралы
заңнамасының сақталуы
бойынша тәуекел дәрежесінің
бағалау өлшемшарттарына
1-қосымша

Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін айқындауға арналған субъективті өлшемшарттар тізбесі

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес бақылау

      __________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      субъектілердің (объектілердің) біртекті тобының атауы

      қатысты Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасының сақталуына

№ р/с

Субъективті өлшемшарт көрсеткіші

Субъективті өлшемшарт көрсеткіші бойынша ақпарат көзі

Маңыздылығы бойынша үлес салмағы, балл (жиынтығында 100 баллдан аспауы тиіс), wi

1-шарт/ мәні

2-шарт/ мәні

1

2

3

4

5

Барып профилактикалық бақылау үшін

Аккредиттеу жөніндегі органға қатысты

1

Бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бармай жүргізілген профилактикалық бақылау шеңберінде берілген ұсынымның орындалуы бойынша ақпарат ұсынбау

Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері

100 балл

0

Жоқ болу фактісі


0%

100%

Өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларға, тексеру зертханасына (орталығына), сәйкестікті растау жөніндегі органға және сынақ зертханасына (орталығына) қатысты

1

Бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бармай жүргізілген профилактикалық бақылау шеңберінде берілген ұсынымның орындалуы бойынша ақпарат ұсынбау

Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері

50 балл

0

Жоқ болу фактісі

0%

100%

2

Аккредиттеу жөніндегі орган жүргізген жоспарлы және жоспардан тыс бағалаулардың, сондай-ақ аккредиттеу субъектісі қызметінің мониторингінің нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасының бұзу және аккредиттеу өлшемшарттарына сәйкес келмеу туралы расталған мәліметтердің болуы

Мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері

50 балл

0

1

0%

100%