"Сақтандыру сыйлықақыларын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 19 мамырдағы № 172 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 147 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 25 сәуірде № 32365 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Сақтандыру сыйлықақыларын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылдың 19 мамырындағы № 172 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20673 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сақтандыру сыйлықақыларын субсидиялау қағидаларында:

      13-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) сақтандырудың ақпараттық жүйесі мен банктік төлем жүйесінің ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде осы Қағидалардың 2-тармағында белгіленген субсидиялау мөлшеріне сәйкес сақтанушының сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін төлегенін растауы;";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Сақтанушы сақтандырудың ақпараттық жүйесі арқылы таңдап алынған сақтандырушымен сақтандыру шартын жасасады және осы Қағидалардың 2-тармағында белгіленген субсидиялау мөлшеріне сәйкес сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін төлейді.".

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қаржылық құралдар және микрокредит беру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
Е. Карашукеев

      ""КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы Бәсекелістікті

      қорғау және дамыту агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы нарығын реттеу

      және дамыту агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі