"Әлеуметтік маңызы бар облысаралық жолаушылар қатынастарының тізбесін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 247 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 15 наурыздағы № 163 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 16 наурызда № 32082 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Әлеуметтік маңызы бар облысаралық жолаушылар қатынастарының тізбесін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 247 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10069 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      осы бұйрықпен бекітілген әлеуметтік маңызы бар облысаралық жолаушылар қатынастарының Тізбесінде:

      47 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "47. Өскемен-Жаланашкөл-Достық.";

      мынадай мазмұндағы 51, 52 және 53 тармақтармен толықтырылсын:

      "51. Алматы-Қапшағай.

      52. Балқаш-Жарық-Жезқазған.

      53. Қызылордада-Достық.".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
М. Карабаев