"Реттегіш құралдардың және (немесе) талаптардың реттеушілік әсеріне талдау жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 748 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 25 қаңтардағы № 10 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 26 қаңтарда № 31777 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Реттегіш құралдардың және (немесе) талаптардың реттеушілік әсеріне талдау жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 748 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12517 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Реттегіш құралдардың және (немесе) талаптардың реттеушілік әсеріне талдау жүргізу және пайдалану қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Кодекстің 82-бабы 3-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты реттегіш құралды және (немесе) талаптарды енгізуді немесе реттеуді қатаңдатуды көздейтін Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының жобалары, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің жобалары, Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің жобалары реттеушілік әсерге талдауға жатады.

      Кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты жаңа реттегіш құралды және (немесе) талапты енгізу немесе реттеуді қатаңдату кезінде реттеушілік әсерге талдау жүргізу туралы талаптар сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің және Парламенті депутаттарының заңнамалық бастамасы тәртібінде әзірленген заңдардың жобаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Парламентінде заңдар жобаларын қарау процесіне қолданылмайды.

      Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының заңнамалық бастамасы тәртібінде енгізілген заңдардың жобалары бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Парламентінде қаралудағы заңдардың жобаларына депутаттардың түзетулері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің қорытындысы шеңберінде Кодекстің 82-бабында белгіленген негіздер бойынша реттеушілік әсерге талдау жүргізілуі мүмкін.";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Уәкілетті орган "Ашық НҚА" порталында оң қорытындыны орналастырумен бір уақытта реттеуші мемлекеттік органға және Ұлттық кәсіпкерлер палатасына мәлімет үшін тиісті орналастыру туралы хабарлама жібереді.

      Кәсіпкерлік басқармасы өңірлік маңызы бар актілер бойынша оң қорытындыны, сондай-ақ әзірлеуші орган әзірлеген өңірлік маңызы бар актілердің жобаларын, әзірлеуші органның талдамалық нысанын әзірлеуші органның ресми интернет-ресурсында орналастырады және әзірлеуші органға және Өңірлік кәсіпкерлер палатасына тиісті орналастыру туралы хабарлама жібереді.

      Уәкілетті орган балама ретінде оң қорытындыда реттеушілік әсерге талдау жүргізу мерзімін "Ашық НҚА" порталында жарияланған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні мерзімінде белгілейді.

      Балама тәртібінде реттеушілік әсерге талдау нәтижелері бойынша талдамалық нысанды, және қоғамдық талқылаулардың есебін уәкілетті орган реттеуші мемлекеттік органның назарына жеткізеді, ал өңірлік маңызы бар актілер бойынша – кәсіпкерлік басқармасы әзірлеуші органның назарына жеткізеді.

      Реттеуші мемлекеттік орган/әзірлеуші орган 3 (үш) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға балама тәртібінде реттеушілік әсергеушілік қорытындыларымен келісу/келіспеу туралы жауап жолдайды.".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
А. Куантыров