БҰЙЫРАМЫН:
1. "Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымдарға қойылатын сертификаттық талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 196 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12045 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымдарға қойылатын сертификаттық талаптарында:
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"29. Бұйымдарды жөндеудің (түрлендірудің) барлық сатысында:
1) бұйымның атауы мен нөмірінен;
2) түрлендіруді және конструкторлық құжаттаманың және технологиялық құжаттаманың (техникалық шешімдер парақтары, рұқсат карталары) талаптарынан жіберілген ауытқуларды қоса алғанда, орындалған жұмыстардың көлемі мен мазмұнынан;
3) бөлшектердің, бұғаулардың және бұйымдардың іс жүзіндегі сипаттамалары мен параметрлерінен;
4) жұмыстарды орындау мен бақылау күнінен;
5) жөндеуді орындаушылар мен бақылаушылардың тегінен және қолынан (мөртаңбасынан, жеке таңбасынан) тұратын бақылау құжаттамасы ресімделеді.
Бақылау құжаттамасын осы Сертификаттау талаптарының 22-тармағына сәйкес электрондық түрде жүргізуге және электрондық базада сақтауға жол беріледі.";
44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"44. АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымы ондағы ақпараттың өзектілігін сақтау үшін АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымның рәсімдері бойынша нұсқаулыққа қажетті өзгерістер енгізуді қамтамасыз етеді.
АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымның рәсімдері бойынша нұсқаулықты және оның кейінгі өзгерістерін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым бекітеді.".
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы |
И. Шархан |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі