Казталов аудандық мәслихатының 2020 жылғы 3 маусымдағы № 49-2 "Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы" шешімінің күші жойылады деп тану туралы

Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық мәслихатының 2022 жылғы 2 қыркүйектегі № 21-3 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 7 қыркүйекте № 29458 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Казталов аудандық мәслихатының "Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы" 2020 жылғы 3 маусымдағы №49-2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6269 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат хатшысы С. Мулдашев