Жетісай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 41-219-VI "Жетісай ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгер

Түркістан облысы Жетісай аудандық мәслихатының 2022 жылғы 27 мамырдағы № 20-129-VII шешiмi. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 31 мамырда № 28284 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Жетісай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 қарашадағы № 9-59-VIII шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Жетісай аудандық мәслихатының 20.11.2023 № 9-59-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.

      Жетісай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Жетісай аудандық мәслихатының "Жетісай ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 41-219-VI (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6019 болып тіркелген) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген шешіммен бекітілген, Жетісай ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасында:

      9-тармақтың 6) тармақшасы келесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "6) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы бойынша мүгедектерге қоларбамен қамтамасыз етуге:

      серуендеуге арналған қоларбаға әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 60 айлық есептік көрсеткіш;

      бөлмеге арналған қоларбаға әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 40 айлық есептік көрсеткіш;".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың хатшысы А. Утанов