Махамбет аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 486 "Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Махамбет ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы" шешімінің к

Атырау облысы Махамбет аудандық мәслихатының 2022 жылғы 6 мамырдағы № 136 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 13 мамырда № 28010 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7 бабы 5 тармағына және "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Махамбет аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Махамбет ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы" Махамбет аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 486 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4865 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат хатшысы К. Мажиев