18.11.2022

"Барлық кандидаттар үшiн үгіттiк баспа материалдарын орналастыру үшiн орындар белгiлеу және сайлаушылармен (таңдаушылармен) кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 8 мамырдағы № 91 қаулысына өзг

      Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Барлық кандидаттар үшiн үгіттiк баспа материалдарын орналастыру үшiн орындар белгiлеу және сайлаушылармен (таңдаушылармен) кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 8 мамырдағы № 91 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5399 болып тіркелді) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының аумағындағы барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын белгілеу туралы";

      көрсетілген қаулының преамбуласы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 28-бабы 6-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:";

      көрсетілген қаулының 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының аумағындағы барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарды орналастыру үшін орын осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.";

      көрсетілген қаулының 2-тармағы және 2-қосымшасы алынып тасталсын;

      көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Мамлют ауданның әкімі В. Лукин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Мамлют аудандық

      сайлау комиссиясы

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Мамлют ауданы әкімдігінің
  2022 жылғы 18 қарашадағы № 241
  қаулысына қосымша
  Солтүстік Қазақстан облысы
  Мамлют ауданы әкімдігінің
  2019 жылғы 8 мамырдағы № 91
  қаулысына 1-қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының аумағындағы барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарды орналастыру үшін орын

№ т/т

Елді мекендердің атауы

Үгіттiк баспа материалдарын орналастыру үшiн орын

1

Мамлютка қаласы

1) Сәбит Мұқанов көшесі, "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Мамлют ауданының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі "№ 1 Мамлют мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарама-қарсы; 2) Рабочая көшесі, "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Мамлют ауданының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі "№ 2 Мамлют орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарама-қарсы; 3) Ғ. Мүсірепов көшесі, "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Мамлют ауданының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі "Хасан Бектұрғанов атындағы мектеп-балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарама-қарсы; 4) Гуденко көшесі, "Сказка" дүкенінің ғимаратына қарама-қарсы.

2

Андреевка ауылы

50 лет Казахстана көшесі, "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Андреев ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мәдениет Үйі ғимаратына қарама-қарсы.

3

Белое ауылы

Мектеп көшесі, "Бакина" жеке кәсіпкер дүкенінің ғимаратына қарама-қарсы.

4

Бике ауылы

Мектеп көшесі, "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Бике ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мәдениет Үйі ғимаратына қарама-қарсы.

5

Воскресеновка ауылы

Жеңіс көшесі, "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Мамлют ауданының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі "Воскресеновка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарама-қарсы.

6

Дубровное ауылы

Гуденко көшесі, "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Мамлют ауданының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі "С.Г. Гуденко атындағы Дубровное орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарама-қарсы.

7

Краснознаменное ауылы

Конституция көшесі, "Анжелика" дүкенінің ғимаратына қарама-қарсы.

8

Қызыләскер ауылы

Мир көшесі, "Кзыласкерское" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі кеңсесінің ғимаратына қарама-қарсы.

9

Леденево ауылы

Жастар көшесі, "Қазпошта" Акционерлік қоғамы бөлімшесінің ғимаратына қарама-қарсы.

10

Новомихайловка ауылы

Победа көшесі, "Сагандыков Мурат Нурмулдинович" жеке кәсіпкер дүкенінің ғимаратына қарама-қарсы.

11

Покровка ауылы

Мир көшесі, "Нұр" дүкенінің ғимаратына қарама-қарсы.

12

Афонькино ауылы

Орталық көшесі, "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Становое ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарама-қарсы.



Дата вступления в силу:  18.11.2022
Дата изменения акта:  18.11.2022
Дата принятия акта:  18.11.2022
Информация об официальном опубликовании акта:  ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі, 23.11.2022
Место принятия:  100065009000
Орган, принявший акт:  165009000001
Регион действия:  100065009000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  173882
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  241
Статус акта:  new
Сфера правоотношений:  001008000000 / 001009000000
Форма акта:  ПОСТ
Юридическая сила:  1700
Язык акта:  kaz