Мәслихаттың 2018 жылғы 12 наурыздағы № 256 "Қостанай облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Қостанай облысы мәслихатының 2022 жылғы 18 мамырдағы № 182 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 20 мамырда № 28140 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, 35-1-бабы 4) тармақшасының 1-тармағына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қостанай облыстық мәслихатының "Қостанай облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" 2018 жылғы 12 наурыздағы № 256 шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7634 болып тіркелген).

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы С. Ещанов