Маңғыстау облыстық мәслихатының 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 29/435 "Маңғыстау облысында ортақ су пайдаланудың Қағидалары туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2022 жылғы 29 наурыздағы № 9/113 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 19 сәуірде № 27620 болып тіркелді

      Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Маңғыстау облыстық мәслихатының "Маңғыстау облысында ортақ су пайдаланудың Қағидалары туралы" 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 29/435 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2955 болып тіркелген) шешіміне келесідей өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген, Маңғыстау облысында ортақ су пайдаланудың Қағидаларында (бұдан әрі-Қағидалар):

      6 тармақтың 2) тармақшасына орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      8 тармағына орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      11-1 тармақтың 1) тармақшасына орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      Қағидалардың қосымшасының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Маңғыстау облысының аумағында орналасқан су объектілерінде шомылу, ауыз су және шаруашылық қажеттіліктерге су алу, мал суару, шағын кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзуге жол берілмейтін орындар";

      Қағидалардың қосымшасы келесідей мазмұндағы абзацтармен және 1), 2), 3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "Қарақия ауданы бойынша:

      1) ұзындығы 3000 метр және ені 30 метр құрайтын Жыланды жерінен Кендірлі бағытына қарай жағалау аймақтары;

      2) ұзындығы 3000 метр және ені 30 метр құрайтын Тоқмақ жерінен Кендірлі бағытына қарай жағалай аймақтары;

      3) ұзындығы 3500 метр және ені 30 метр құрайтын "Абай" жүзбелі маневрлік базасы аумағынан Саржа бағытына қарай жағалау аймақтары.

      Мұнайлы ауданы бойынша:

      ұзындығы 380 метр және ені 170 метр құрайтын Батыр ауылдық округінен солтүстік-шығыста 7 км қашықтықта орналасқан уран кеніштері мен қалдықтары бар қауіпті көл аймағы.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау облыстық мәслихатының хатшысы Н. Тумышев