"Ақтоғай аудандық мәслихаты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" Ақтоғай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 18 сәуірдегі № 200 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2022 жылғы 29 маусымдағы № 154 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 12 шілдеде № 28782 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Ақтоғай аудандық мәслихаты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" Ақтоғай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 18 сәуірдегі № 200 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4726 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат хатшысы Р. Абеуов