Шахтинск қалалық мәслихатының 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 1115/33 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 2022 жылғы 28 шілдедегі № 163/15 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 2 тамызда № 28991 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 2023 жылғы 19 қыркүйектегі № 276/5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 19.09.2023 № 276/5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Шахтинск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Шахтинск қалалық мәслихатының "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 1115/33 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3182 тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Көрсетілген шешіммен бекітілген, әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:

      14–тармағы алынып тасталсын.

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Шахтинск қалалық мәслихатының хатшысы Ж. Мамерханова