"Жер қойнауын пайдаланушының пайдалы қатты қазбаларды барлау және өндіру, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде есептерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 731 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 27 желтоқсанда № 31548 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 264 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарында:

      реттік нөмірі 24-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

24

Тұтынушылық шарттар, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы үшін бизнестің жауапкершілігі туралы заңнаманы дамыту

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

2023 жылғы
маусым

СИМ, ҰЭМ, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), РАА (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар

      ".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов