"Теміржол вокзалдарының тізбесін олардың класына сәйкес бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 18 кыркүйектегі № 725 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2022 жылғы 1 желтоқсандағы № 674 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 2 желтоқсанда № 30914 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Теміржол вокзалдарының тізбесін олардың класына сәйкес бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 18 кыркүйектегі № 725 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 8830 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Теміржол вокзалдарының класына сәйкес тізбесінде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. "Кластан тыс" класына мынадай теміржол вокзалдары (станциялары) жатады:

      1) "Нұрлы жол" теміржол вокзал кешені;

      2) Астана;

      3) Қарағанды;

      4) Алматы 1;

      5) Алматы 2;

      6) Ақтөбе.".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің міндетін атқарушы
М. Карабаев