БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету сапасының өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 1454 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17510 болып тіркелген) мынадай өзгеріс және толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету сапасының өлшемшарттарында:
1-тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
"1) "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен (бұдан әрі - Заң) берілген өкілеттіктер шегінде құқықтық ақпарат беруді жүзеге асыру;";
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Мыналар заң консультанттарының жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін соттарда, мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес ұйымдарда білдіру түрінде көрсетілетін мемлекет кепілдік берген заң көмегі сапасының өлшемшарттары болып табылады:
1) Заңмен берілген өкілеттілік шегінде мемлекет кепілдік берген құқықтық көмек көрсету;
2) Заңының 78-бабының 1-тармағына сәйкес кәсіптік міндеттерді орындау кезінде Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнамасының, заң консультанттары палатасының қағидалары мен стандарттарының, Кәсіптік әдеп кодексінің нормаларын сақтау;
3) мемлекет кепілдік берген заң көмегіне өтініш жасаған адамның мүддесіне қайшы келетін істің барысында жеке мүддесі болған кезде, заң көмегін көрсету туралы тапсырмадан бас тарту;
4) заң консультанттарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) негізделген шағымдардың болмауы.".
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Әділет министрі |
К. Мусин |