12.04.2022

Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде:

      2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жеке қаржыландыру жоспарлары, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржыландыру жоспарлары, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары, міндеттемелер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспары кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға және жергілікті бюджеттер туралы мәслихаттардың шешімдеріне, кезекті қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың қаулыларына, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің шешіміне, мемлекеттік органдардың даму жоспарларына, бюджеттік бағдарламаларға, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтініміне, Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасына (бұдан әрі – ҚР ББС), Республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің анықтамалығына (бұдан әрі – Мемлекеттік мекемелердің анықтамалығы) сәйкес және осы Ережеде белгіленген тәртіппен әзірленеді.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру және бағдарламалық құжаттарда көзделген міндеттерді орындау мақсатында заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын арттыруға бағытталған бюджеттік бағдарламаларды іске асыратын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері даму жоспарына немесе мемлекеттік органның бюджеттік бағдарламасына (кіші бағдарламасына) сәйкес міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларын жасайды.";

      35-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "35.1. Төмен тұрған бюджеттердің қаржыландыру жоспарларының нысаналы трансферттер мен республикалық бюджеттен бөлінетін кредиттер, бюджеттік субвенциялар бойынша жоғары тұрған бюджеттің қаржыландыру жоспарларына сәйкестігіне бақылауды жүзеге асыру мақсатында жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалар әкімшілері олар бекітілгеннен кейін екі жұмыс күні ішінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға алушы өңірлер бөлінісінде төлемдер бойынша түсімдер мен қаржыландыру жоспарларына және міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарларына, сондай-ақ дәлелдеу мәліметтерін қамтитын төлемдер мен міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу анықтама ұсынады.";

      61-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "61-1. Бюджеттің атқарылуы барысында бюджеттік бағдарламалар әкімшілері қаражатты жоспарланған түпкілікті нәтижелер көрсеткіштері сақталған жағдайда бюджеттік бағдарлама бойынша жылдық шығындар көлемін өзгертусіз бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен:

      тиісті бюджет комиссиясының қарауынсыз, ағымдағы бір бюджеттік бағдарламаның бюджеттік бағдарламасы немесе ағымдағы бір бюджеттік кіші бағдарламасы шегіндегі іс-шаралар арасында дербес;

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан қарыздар, гранттар, нысаналы трансферттер қаражаттары есебінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламаларды, мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органмен келісу бойынша жоғары тұрған бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттерді қоспағанда, бір бюджеттік бағдарлама шегінде ағымдағы бюджеттік кіші бағдарламалар арасында тиісті бюджет комиссиясының қарауынсыз;

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан қарыздар, гранттар, нысаналы трансферттер, жоғары тұрған бюджеттен нысаналы трансферттер мен кредиттер қаражаты есебінен қаржыландырылатын кіші бағдарламаларды қоспағанда, бір бюджеттік даму бағдарламасы немесе бюджеттік бағдарламаның бір кіші даму бағдарламасы шегінде бюджеттік инвестициялық жобалар арасында бюджет комиссиясының қарауынсыз;

      мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органмен келісу бойынша, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан қарыздар, гранттар, нысаналы трансферттер және жоғары тұрған бюджеттен нысаналы трансферттер қаражаттары есебінен қаржыландырылатын кіші бағдарламаларды қоспағанда, бір бюджеттік бағдарлама шегінде дамудың бюджеттік кіші бағдарламалары арасында бюджет комиссиясының қарауынсыз қайта бөлуге құқылы.

      Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері, өз бастамашылығымен бюджеттік бағдарламаларға өзгерістер енгізген кезде, тиісінше бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органға, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппаратына хабарлама ретінде үш жұмыс күні ішінде бюджеттік бағдарламаларға бекітілген өзгерістерді жібереді.";

      70-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "70. Қолма-қол ақшаны бақылау шоттары (бұдан әрi – ҚБШ) мына:

      1) республикалық және жергiлiктi бюджеттерге түсiмдердi есептеумен және республикалық және жергiлiктi бюджеттерден шығыстарды жүргiзумен;

      2) мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуден түсетiн ақшаны есептеуімен және олардың есебiнен шығыстарды жүргiзумен;

      3) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына бағытталатын түсiмдердi есептеумен және оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiндегi (бұдан әрі – ҚР ҰБ) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шотына аударумен;

      4) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында белгіленген нормативтер бойынша бөлінген түсімдерді есептеумен және оларды ҚР ҰБ-да Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер үшін ашылған шоттарға аударумен;

      5) және Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес мемлекеттiк мекемелер алатын оларға арналған филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен, және (немесе) меценаттық қызметтен, және (немесе) кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі қызметтен түсетiн ақшаны жұмсауымен;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жеке және (немесе) заңды тұлғалар белгілі бір жағдайлар басталған кезде олардың қайтарымдылығы не тиісті бюджетке немесе үшінші тұлғаларға аудару шартында мемлекеттік мекемеге беретін ақшаны есепке алумен;

      7) бюджеттiк ақшаны есептеумен және оларды ерекше шығыстарды жүргiзуге пайдаланумен;

      8) қаржылық ұйымдардың, Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қорының жарғылық капиталдарын ұлғайтуды қоспағанда, республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталдарын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға көзделген не мемлекеттік тапсырманы орындауға байланысты ақшаны есепке алумен және оларды инвестициялық жобаларды іске асыруға (бұдан әрі – квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоты), сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген ең аз мөлшерде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталдарын қалыптастыру кезінде пайдаланылуымен;

      9) және Қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттік қарыздар туралы халықаралық шарттарға немесе байланысты гранттар туралы шарттарға сәйкес бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотынан (бұдан әрі - сыртқы қарыздардың немесе байланысты грантты қайтадан айырбастау шоты) қайтадан ұлттық валютаға айырбасталатын үкіметтік сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың ақшасын жұмсауға байланысты операцияларды есепке алуға арналған;

      10) және қазынашылық сүйемелдеу шеңберінде бас мердігерлерге және қосалқы мердігерлерге аударылатын ақшаны пайдаланумен (бұдан әрі – мемлекеттік сатып алу шоттары);

      11) және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу үшін республикалық бюджеттен әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына берілетін трансферттерді жұмсаумен;

      12) Жәбірленушілерге өтемақы қорына (Қор шотына) жіберілетін ақша түсімдерін есепке жатқызумен және Қазақстан Республикасының Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы заңнамасында көзделген өтемақылардың төлемін жүргізумен;

      13) мемлекеттік бағдарламаларды, қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдауды жүзеге асыруға арналған бюджет ақшасын және оларды пайдалануға (бұдан әрі – қаржылық және (немесе)қаржылық емес қолдау операторларының шоты);

      14) Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігімен қарыз шарттарына сәйкес мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген мемлекеттік емес қарыздардың ақшасын жұмсауға (бұдан әрі – мемлекет кепілдік берген қарыздың ұлттық валютадағы шоты);

      15) қарыз алушылардың мемлекеттік кепілдік беру туралы келісімдерге сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігімен қамтамасыз етілген мемлекеттік емес қарыздарға қызмет көрсетуге және оларды өтеуге арналған ақшаны жұмсауға (бұдан әрі – ұлттық валютадағы қызмет көрсету шоты) байланысты операцияларды есепке алуға арналған.";

      109-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "109. Ақылы қызметтердің, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастаудың, шетел валютасындағы шоттардың, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарының, мемлекеттік мекемелердің сыртқы қарыздарының немесе байланысты гранттарының арнайы шоттарына арналған шоттардың, мемлекет кепілдік берген ұлттық және шетел валютасындағы қарыздар шоттарының, ұлттық және шетел валютасында қызмет көрсету шоттарының, квазимемлекеттік сектор субъектілері шоттарының, аумақтық қазынашылық бөлімшелерінің қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау операторларының шоттарының кодтарын, ҚБШ-ларын жүргізу тиісті ҚБШ-дан және шоттардан төлемдер мен ақша аударымдарын жүргізуді, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген есептерді қалыптастыруды және ұсынуды қамтиды.

      Бiр мемлекеттiк мекеменiң кодынан екiншi мемлекеттiк мекеменiң кодына ақша аударуға жол берiлмейдi.

      Ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша шетел валютасындағы шоттарда ағымдағы қаржы жылы аяқталғанға дейiн жетi жұмыс күнi iшiнде қайырымдылық көмек түрiнде түскен шетел валютасының бар болуына, сондай-ақ ағымдағы қаржы жылының соңғы жұмыс күні 0900НП "Анықтауға дейiнгi шетел валютасындағы сомалар" шотына түскен сомалардың бар болуына рұқсат етiледi.

      Ақылы қызметтердің, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, сыртқы қарыздарды немесе байланысты гранттарды қайта айырбастаудың ҚБШ-сында, ұлттық және шетел валютасындағы мемлекет кепілдік берген қарыздар шоттарында, ұлттық және шетел валютасындағы қызмет көрсету шоттарында және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарында, қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау операторларының шоттарында, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарында, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына арналған шоттарда ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша пайдаланылмаған ақша қалдықтарының болуына жол беріледі.

      Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізетін орган алып қойған шетел валютасын есепке жатқызуға арналған шетел валютасындағы шоттарда, мемлекет кепілдік берген қарыздардың шетел валютасындағы шоттарында, шетел валютасындағы қызмет көрсету шоттарында, сондай-ақ бағдарламалық сыртқы қарыздардың қаражатын есепке жатқызуға арналған шоттарда ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша пайдаланылмаған ақша қалдықтарының болуына да жол беріледі.

      Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарындағы ағымдағы жылы жарғылық капиталды қалыптастыруға (толықтыруға) бөлінген және есепті кезеңнің соңында пайдаланылмай қалған қаражат қалдықтары квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ағымдағы жылы пайдаланылмай қалған қаражаты болып табылады және бюджеттік бағдарламалардың тиімсіз атқарылуына жатады.

      Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы, ағымдағы шоттарындағы олардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы (бюджет қаражатын үнемдеу) арқылы бюджеттік инвестицияларды іске асыру қорытындысы бойынша қаражаттан қалыптасқан пайдаланылмаған қалдықтар:

      Қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы пайдаланылмаған қаражатты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9938 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау қағидаларына сәйкес бюджеттік инвестициялардың ағымдағы қаржылық-экономикалық негіздемесіне түзету жүргізе отырып және (немесе) жаңа қаржылық-экономикалық негіздемесін әзірлеу арқылы жаңа және (немесе) ағымдағы жобаны (жобаларды) іске асыруға бағыттау;

      егер үнемдеу сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 50 000 еселенген мөлшерінен аспаса, үнемдеу қаражатын квазимемлекеттік сектор субъектісінің басқару органының (құрылтайшысының) шешімі бойынша жобаның қаржылық-экономикалық негіздемені түзетпей-ақ даму мақсаттарына (жаңғыртуға, активтер сатып алуға) пайдалану арқылы қолданылады.";

      110 және 111-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "110. Кодтарды енгізу, ҚБШ-ны және шоттарды жүргізуді аумақтық белгісі бойынша аумақтық қазынашылық органдары жүзеге асырады. Аудандық (облыстық маңызы бар қалаларда, Алматы аудандарында) аумақтық қазынашылық органдары болмаған жағдайда жоғарыда көрсетілген рәсімдерді жүргізу аумақтық тиістілігіне қарай тиісті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумақтық қазынашылық органдарында жүзеге асырылады.

      111. Тиісті бюджеттердің ҚБШ-ның ақшасына билік етушілер тиісінше бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдар, ақылы қызметтердің, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайтадан айырбастаудың ҚБШ-ын, шетел валютасындағы шоттарды, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотын, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына ашылатын шоттағы ақшасына билік етушілер - мемлекеттік мекемелердің басшылары, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарына - квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшылары, қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау операторларының шоттарына – қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау операторларының басшылары, ұлттық және шетел валютасындағы мемлекет кепілдік берген қарыз шоттарына- ұлттық және шетел валютасындағы қызмет көрсету шоттарының басшылары – мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушылардың басшылары болып табылады.";

      113 және 114-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "113. Тиiстi бюджеттердің ҚБШ шоттарында ақшаның қозғалысы және ҚР ББС-ға сәйкес шығыстар жөнiндегi есептердi берудi мынадай нысандар бойынша күн сайын аумақтық қазынашылық органы жүзеге асырады:

      осы Ереженiң 52-қосымшасына сәйкес магниттiк (электрондық) жеткізгіште 5-34 "Тиiстi бюджеттердiң ҚБШ жағдайы туралы есеп";

      осы Ереженiң 53-қосымшасына сәйкес электрондық жеткізгіште 5-52 "Шығыстар бойынша жиынтық есеп";

      осы Ереженiң 54-қосымшасына сәйкес қағаз жеткізгіште 5-20 "Қолма-қол ақшаны бақылау шотынан көшiрме" және бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдарға берiледi.

      "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша қызмет көрсетілетін мемлекеттік мекемелер, квазимемлекеттік сектор субъектілері, қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау операторлары, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушылар және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар осы тармақта көрсетілген есептерді дербес қалыптастырады.

      114. Ақылы қызметтердің, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайтадан айырбастаудың ҚБШ-дағы, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарындағы, қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау операторлары шоттарындағы, шетел валютасындағы шоттардағы, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарындағы, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына ашылатын шоттардағы ақша қозғалысы жөніндегі есептерді беруді аумақтық қазынашылық органдар жүзеге асырады және:

      мемлекеттiк мекемелерге:

      1) төлемдер мен ақша аударымдарының жүргiзiлуiне қарай:

      осы Ережеге 54-қосымшаға сәйкес қолма-қол ақшаны бақылау шотынан көшiрме 5-20-нысаны бойынша;

      осы Ережеге 55-қосымшаға сәйкес ақылы қызметтер ҚБШ қалдықтар туралы есеп 5-33-нысаны бойынша;

      осы Ережеге 56-қосымшаға сәйкес шетел валютасындағы шоттар бойынша үзінді 8-17- нысаны бойынша;

      2) ай сайын:

      осы Ережеге 57-қосымшаға сәйкес ақылы қызметтер ҚБШ қалдығы 5-30-нысаны бойынша;

      осы Ережеге 58-қосымшаға сәйкес шетел валютасындағы шоттардағы қалдықтар туралы есеп 8-07-нысаны бойынша;

      бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарға есепті тоқсаннан кейінгі 3-ші күнге дейін тоқсан сайын және жыл сайын жылдық есепке осы Ережеге 59-қосымшаға сәйкес ақылы қызметтердің, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастаудың ҚБШ-дағы және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарындағы қалдықтар туралы есепті 5-34А-нысаны бойынша беріледі;

      квазимемлекеттік сектор субъектілеріне, қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау операторларына, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушыларға төлемдерді жүргізу және ақшаны аудару шамасына қарай:

      осы Ережеге 54-қосымшаға сәйкес қолма-қол ақшаны бақылау шотынан көшірмені 5-20-нысаны бойынша берiледi.";

      126-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "126. Екінші деңгейдегі банктерде немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда мемлекеттік мекемелерге ағымдағы шотты, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотын, сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың арнайы шотына шоттар, бюджет ақшаларын есепке жатқызу және оларды шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеуге пайдалану үшін сыртқы саяси қызметті жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға және Қазақстан Республикасының заң шығару функцияларын жүзеге асыратын жоғары өкілді органын қаржылық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік мекемеге екінші деңгейдегі банкте валюталар түрлері бойынша ашылатын шетел валютасындағы шотты (бұдан әрі – іссапар шығыстарына арналған шот) ашу тәртібі заңнамада белгіленеді.";

      143-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "143. Республикалық, жергілікті бюджеттердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, Жәбірленушілерге өтемақы қорының, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасындағы түсімдерді бөлуді және оларға байланысты рәсімдерді Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9760 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 404 бұйрығымен бекітілген Бюджет түсімдерін бюджеттердің деңгейлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шоты, Жәбірленушілерге өтемақы қоры және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер бюджеттері арасында бөлу кестесінің және Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 22-бабының 3-тармағына сәйкес бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мен мұнай операцияларын жүргізу, келісімшарттар жасасу мен оларды орындау саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органның бірлескен бұйрығымен жыл сайын бекітілетін мұнай секторы ұйымдары тізбесінің негізінде бөлу нормативтері бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады (бөлудің I кезеңі).";

      194-тармақтың:

      9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) "Валюта айырбастаудың ресми бағамы" ашық жолағында теңгенің шетел валютасына ресми бағамы және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтық-құқықтық мәміленің тіркелген күніне белгіленген бағамына көрсетіледі;";

      14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "14) ағымдағы қаржы жылына арналған өтінімнің "(Сомасы жазбаша)" ашық жолағында шарттың сомасы жазбаша көрсетіледі (шетел валютасындағы шарт бойынша өтінім сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеу күніне белгіленген шетел валютасына теңгенің ресми бағамы бойынша есептелген ұлттық валютада келтіріледі);";

      221-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "221. Төлем жүргізілгеннен кейін мемлекеттік мекемелердің төлеуге берілетін шотының, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау операторларының, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушылардың төлем тапсырмаларының екінші данасы және осы Ережеге 91-қосымшаға сәйкес 5-15 "Мемлекеттік мекеменің/квазимемлекеттік сектор субъектісінің/, қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау операторының, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушының төлемдерін жүргізу жөніндегі күнделікті үзінді көшірмесі" нысаны бойынша қалыптастырылған есеп (бұдан әрі – 5-15-нысан), төлеуге берілетін шотта төлем жүргізілген күнді және 5-15-нысанда салыстыру жүзеге асырылған күнді көрсете отырып, салыстырылады, аумақтық қазынашылық бөлімшенің жауапты орындаушысының қолымен, мөртабанының бедерімен куәландырылады және мемлекеттік мекемеге, квазимемлекеттік сектор субъектісіне, қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау операторына, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушыға беріледі.

      "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша қызмет көрсетілетін мемлекеттік мекемелер/квазимемлекеттік сектор субъектілері, қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау операторлары, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушылар 5-15-нысан бойынша есепті дербес қалыптастырады.";

      299-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бюджеттік субвенциялар жоғары тұрған бюджеттерден төмен тұрғандарға республикалық бюджет туралы заңмен және тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімімен бекітілген сомалар шегінде беріледі, аударуды жоғары тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган төмен тұрған бюджеттер шығыстарының бағыттары бойынша жоғары тұрған бюджеттің түсімдерін және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарында көзделген сомалар шегінде айдың бірінші он күндігі ішінде жүзеге асырады.";

      мынадай мазмұндағы 311-1-тармақпен толықтырылсын:

      "311-1. Бюджеттік субсидияларды бюджеттік субсидияларды түпкілікті алушыларға аудару бюджеттік бағдарламалар әкімшілері айқындаған рәсімдерге сәйкес жүзеге асырылады.";

      314-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "314. Мемлекеттік мекемелер, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушылар шетел валютасында төлемдер мен ақша аударуды жүргізу үшін шетел валютасын айырбастау және аудару жөніндегі операцияларды Бюджет кодексінің 99-бабына сәйкес жүзеге асырады.";

      316-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "316. ҚР ҰБ белгілеген сомадан асатын сомаға валюта түрлері бойынша шетел валютасын айырбастау жөніндегі операциялар мемлекеттік мекеме, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушы аумақтық қазынашылық бөлімшесіне валюта сомасы мен түрін көрсете отырып, шетел валютасын сатып алу қажеттігі туралы хатты ұсынғаннан кейін, айырбастау күніне дейін мынадай мерзімдерде:

      АҚШ доллары, еуро, ағылшын фунт стерлингі, швейцария франкі, ресей рублі, қытай юані – үш жұмыс күні ішінде;

      жапон йені – бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.";

      318 және 319-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "318. Төлемдер мен ақша аударымдарын шетел валютасында жүзеге асыру үшін мемлекеттік мекеме, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушы осы Ережеге 113-қосымшаға сәйкес аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлеуге берілетін шотты/төлем тапсырмасын және шетел валютасын айырбастауға арналған өтінімді қағаз жеткізгіште немесе "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша электрондық түрде жергілікті уақыт бойынша сағат 10-00-ге дейін ұсынады (жібереді).

      Шетел валютасын айырбастауға арналған өтінімді мемлекеттік мекеме, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушы қағаз жеткізгіште 2 данада жасайды және береді.

      319. Төлеуге берілетін шотта/төлем тапсырмасында және (немесе) шетел валютасын айырбастауға арналған қағаз жеткізгіштегі өтінімде қандай да бір қажетті деректемелер болмаған, қолдар және (немесе) мөр бедері қолдардың және (немесе) мөр бедерлері бар құжатқа сәйкес келмеген, төлеуге берілетін шот/төлем тапсырмасы сомасы шетел валютасын айырбастауға арналған өтінім сомасына сәйкес келмеген кезде, валюта түрлері бойынша ҚР ҰБ белгілеген лимиттен асатын шетел валютасын резервтеу болмаған кезде, рұқсат етілген шығындардың бағытталуына төлем мақсаты сәйкес келмеген төлеуге берілетін шот/төлем тапсырмасы және шетел валютасын айырбастауға арналған өтінім орындалмастан мемлекеттiк мекемеге, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушыға қайтару себептерi көрсетiле отырып, қайтарылады.

      Электрондық түрдегі төлеуге берiлетiн шотта/ төлем тапсырмасында және (немесе) шетел валютасын айырбастауға арналған өтiнiмде қателер бар болған, оларда қандай да бiр қажеттi деректемелер болмаған, ЭЦҚ қате болған, валюта түрлері бойынша ҚР ҰБ белгілеген лимиттен асатын шетел валютасын резервтеу болмаған кезде, рұқсат етілген шығындардың бағытталуына төлем мақсаты сәйкес келмеген төлеуге берiлетiн шоттан/ төлем тапсырмасынан және шетел валютасын айырбастауға арналған өтiнiмді қабылдамау себептерi көрсетiле отырып, "Қазынашылық-клиент" АЖ-да орындалмастан қайтарылады.";

      324, 325 және 326-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "324. ҚР ҰБ-дан электрондық түрдегі төлем құжаттары мен шетел валютасындағы банк шоттары бойынша үзінді алғаннан кейін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган үзіндіні алған күні мемлекеттік мекеменің, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушының шетел валютасындағы тиісті шоттарына шетел валютасының түрлері бойынша оны есептеу жүргізеді.

      325. Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган шетел валютасын түрлерi бойынша мемлекеттiк мекеменiң, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушының шетелдiк валютадағы тиiстi шоттарына есептеген күнi аумақтық қазынашылық бөлiмшесi мемлекеттiк мекеменiң, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушының шетел валютасындағы шоттары бойынша үзiндi көшірмелерді қалыптастырады және мемлекеттiк мекемеге, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушыға шетел валютасындағы ақшаны аударуға арналған өтiнiштi мемлекеттiк мекеменiң, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушының одан әрi ұсынуы үшiн қағаз жеткізгіште бередi, сондай-ақ аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнiң жауапты орындаушысының белгiсi соғылған және шетел валютасындағы шоттарға ақша есептелген күнiн көрсетiп, қағаз жеткізгіште ұсынылған шетел валютасын айырбастауға арналған өтiнiмнiң бiр данасын қайтарады. Қағаз жеткізгіште ұсынылған шетел валютасын айырбастауға арналған өтiнiмнiң екiншi данасы аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде қалады.

      "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша қызмет көрсетiлетiн мемлекеттiк мекемелер, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушылар 8-17-есебiн қалыптастыру мүмкiндiгi туралы хабарламаны алғаннан кейiн шетел валютасындағы шоттар бойынша үзiндi көшiрменi дербес жасайды.

      326. Шетел валютасындағы ақшаны аударуды жүзеге асыру үшін мемлекеттік мекеме, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушы шетел валютасындағы ақшаны аударуға арналған өтінішті аумақтық қазынашылық бөлімшесіне осы Ережеге 74-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз жеткізгіште немесе "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша электрондық түрде жергілікті уақыт бойынша сағат 16.00-ге дейін ұсынады (жібереді). Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкінде ашылған іссапар шығыстарына арналған шотқа шетел валютасын аудару үшін ағымдағы валюталау күнімен шетел валютасында ақшаны аударуға арналған өтінішті сыртқы саяси қызметті жүзеге асыратын уәкілетті орган және/немесе Қазақстан Республикасының заң шығару функцияларын жүзеге асыратын жоғары өкілді органын қаржылық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме жергілікті уақыт бойынша сағат 12.00-ге дейін ұсынады. Шетел валютасындағы ақшаны аударуға арналған өтініш қағаз жеткізгіште екі данада ұсынылады.

      Сотқа дейінгі тергеуді жүргізуші орган алып қойған шетел валютасын аудару кезінде сот шешімі бойынша мемлекеттік мекеме қосымша сотқа дейінгі тергеуді жүргізуші органның мөрімен куәландырылған сот актісінің немесе атқарушы құжатының көшірмесін ұсынады.

      "Қазынашылық-клиент" АЖ-де шетел валютасында ақша аударуға өтінішті қалыптастыру кезінде сотқа дейінгі тергеуді жүргізуші органның мөрімен куәландырылған сот актісінің немесе атқарушы құжаттың түпнұсқасынан сканерленген электрондық құжаттар қоса тіркеледі.

      Шетел валютасында ақша алушы ҚБАЖ-да болмаған кезде, мемлекеттік мекеме, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушы шетел валютасындағы ақшаны алушыны енгізуге өтінімді қағаз жеткізгіште немесе "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша электрондық түрде осы Ережеге 73-қосымшаға сәйкес (мемлекеттік мекеме, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушы басшысының және бас бухгалтерінің ЭЦҚ қойылған сканерленген үлгісін тіркей отырып) ақша алушының мынадай құжаттарын:

      бенефициардың, бенефициар банктің, делдал банктің (бар болса) деректемелерін ресми растайтын құжаттар жеке тұлға үшін қосымша тұлғаны растау туралы құжаттың көшірмесі;

      ақша алушының толық деректемелерін көрсете отырып, мемлекеттік мекеменің растау хатын қоса бере отырып ұсынады.

      ҚБАЖ-да ақша алушының деректемелері өзгерген (болмаған) кезде, мемлекеттік мекеме, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушы өзгерістер енгізілетін деректемелерді растайтын осы тармақта көрсетілген құжаттарды (мемлекеттік мекеме, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушы басшысының және бас бухгалтерінің ЭЦҚ қол қойылған сканерленген түрлерін тіркей отырып) қоса бере отырып, осы Ережеге 75-қосымшаға сәйкес шетел валютасында ақша алушының деректемелеріне өзгерістер енгізуге арналған өтінімді қағаз жеткізгіште немесе "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша электрондық түрде береді.

      Осы Ережеге 73, 75-қосымшаларға сәйкес өтінімді толтырған кезде жеке тұлға үшін "Ақша алушының атауы" ашық жолағында жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және (немесе) бар болса жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлігіне сәйкес атауы көрсетіледі.

      Ақша алушыны енгізуге және ақша алушының деректемелеріне өзгерістер енгізуге өтінімнің ресімделуінің және жасалуының шынайылығын, дұрыстығын мемлекеттік мекеме, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушы қамтамасыз етеді.";

      328, 329, 330 және 331-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "328. Қағаз жеткізгіште ұсынылған шетел валютасында ақша аударуға арналған өтiнiште түзетулер болған, қандай да бір қажетті деректемелер, төлем мақсаты, қойылатын қолдар және (немесе) мөр бедері болмаған немесе қолдар мен мөр бедерiнiң үлгiлерi бар құжатқа сәйкес келмеген, сот шешімі бойынша сотқа дейінгі тергеуді жүргізуші орган алып қойған шетел валютасын аудару кезінде растайтын құжаттар болмаған немесе сәйкес келмеген, шетел валютасындағы шотта қажетті сома (валютаның түрлері бойынша) жетпеген не болмаған жағдайда шетел валютасында ақша аударуға арналған өтiнiш қайтару себептерi көрсетiлiп орындалмастан, мемлекеттік мекемеге, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушыға қайтарылады.

      Шетел валютасындағы ақшаны аударуға арналған өтініштің электрондық түрінде қате болған, қандай да қажеттi деректемелер, төлем мақсаты болмаған немесе сәйкес келмеген, ЭЦҚ қате болған, сот шешімі бойынша сотқа дейінгі тергеуді жүргізуші орган алып қойған шетел валютасын аудару кезінде растайтын құжаттар болмаған немесе сәйкес келмеген, шетел валютасындағы шотта қажетті сома (валютаның түрлері бойынша) жетпеген не болмаған кезде шетел валютасында ақша аударуға арналған өтініштен бас тарту себептерін көрсете отырып, "Қазынашылық-клиент" АЖ-де бас тартылады.

      329. ҚР ҰБ-дан шетел валютасындағы банк шоттары бойынша үзінді және электрондық түрдегі төлем құжаттарын алғаннан кейін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган үзіндіні алған күні мемлекеттік мекеменің, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушының шетел валютасындағы шоттарынан шетел валютасындағы ақшаны есептен шығару жөнінде операциялар жүргізеді.

      330. Мемлекеттiк мекеменiң, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушының шетел валютасындағы шоттары бойынша үзiндi көшірме қалыптастырылғаннан кейiн аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнiң жауапты орындаушысы оларды қағаз жеткізгіште мемлекеттiк мекемеге, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушыға бередi және қағаз жеткізгіште ұсынылған жауапты орындаушының белгiсi соғылған, шетел валютасындағы шоттан ақшаны есептен шығарған күнi көрсетiлген шетел валютасындағы ақшаны аударуға арналған өтiнiштiң бiр данасын қайтарады. Қағаз жеткізгіште ұсынылған шетел валютасындағы ақшаны аударуға арналған өтiнiштiң екiншi данасы аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде қалады.

      "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша қызмет көрсетiлетiн мемлекеттiк мекемелер, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушылар 8-17-есебiн қалыптастыру мүмкiндiгi туралы хабарламаны алғаннан кейiн шетел валютасындағы шоттар бойынша үзiндi көшiрменi дербес қалыптастырады.

      331. Төреліктердегі соттың тиісті шешімі күтілетін дауларды реттеуге бағытталған қаражатты қоспағанда, айырбасталған шетел валютасын, мемлекеттік мекеме және мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушы шетел валютасындағы шотқа есептелген күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде мақсатқа сай пайдалануы тиіс. Шетел валютасын пайдаланбаған не жете пайдаланбаған жағдайда осы мерзім аяқталғаннан соң келесі жұмыс күнінен кешіктірмей аумақтық қазынашылық бөлімшесі шетел валютасын қайта айырбастауға өтінім беру қажеттігі туралы мемлекеттік мекемеге жазбаша хабар береді.";

      337, 338 және 339-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "337. Іссапар шығыстарын төлеуге алынған пайдаланылмаған қолма-қол шетел валютасының қалдығы мемлекеттік мекеменің кассалық шығыстарын одан әрі қайта айырбастау мен қалпына келтіру не тиісті бюджет кірісіне есепке жатқызу үшін ҚР ҰБ филиалының кассасына үш жұмыс күні ішінде (сыртқы саяси қызметті жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органды және Қазақстан Республикасының заң шығару функцияларын жүзеге асыратын жоғары өкілді органын қаржылық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік мекемені қоспағанда) қайтаруға жатады.

      338. Шетел валютасын қайта айырбастау осы Ережеге 114-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекеменің, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушының қағаз жеткізгіште немесе "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша электрондық түрде ұсынған (жіберген) қайта айырбастауға арналған өтiнiмі негiзiнде жүзеге асырылады.

      339. Шетел валютасын қайта айырбастауға арналған өтiнiмдi мемлекеттiк мекеме, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушы аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне қағаз тасығышта немесе "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша электрондық түрде жергілікті уақыт бойынша сағат 10-00-ге дейiн ұсынады.";

      344, 345 және 346-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "344. Мемлекеттік мекеме, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушы төлем деректемелерін анықтау жөнінде жұмыс жүргізеді және хабар берілген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде төлем мақсаты және деректемелер туралы мәліметтерді аумақтық қазынашылық бөлімшесіне береді. Құрамында барлық қажетті деректемелер бар берілген мәліметтер негізінде, қазынашылықтың аумақтық бөлімшелері тиісті бюджет кірісіне шетел валютасын айырбастау бойынша операциясын жүргізеді немесе бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі шетел валютасындағы түсімдер сомасын аумақтық бөлімшесінің 0900НП "Шетел валютасында анықтағанға дейінгі сома" ерекшелігі кодынан есептен шығару мемлекеттік мекеменің шотына шетелдік валютасында түсімдер сомасын есептеу жөніндегі операцияны жүргізу үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға электрондық түрде хат жібереді.

      345. Мемлекеттік мекеме, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушы деректемелерді ұсынудың уақтылығын және олардың растығын қамтамасыз етеді.

      346. Шетел валютасында түскен түсімдер сомасын қайта айырбастауды мемлекеттік мекеменің, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушының қайта айырбастауға арналған өтінімі негізінде аумақтық қазынашылық бөлімшесі жүзеге асырады. Мемлекеттік мекеме, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушы капиталдың сыртқы нарығында мемлекеттік бағалы қағаздар шығарудан түскен шетел валютасын қайта айырбастауды қоспағанда, шетел валютасындағы шоттар бойынша үзінді- көшірмені алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде шетел валютасын қайта айырбастауға арналған өтінімді аумақтық қазынашылық бөлімшесіне береді.

      Сотқа дейінгі тергеуді жүргізуші орган алып қойған шетел валютасын қайта айырбастауға арналған өтінімді мемлекеттік мекеме қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген белгілі бір шарттар басталғаннан кейін береді.";

      348, 349 және 350-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "348. Қағаз жеткізгіште шетел валютасын қайта айырбастауға арналған өтінімде қате немесе түзету болған, қандай да бір талап етілетін деректемелер болмаған, шетел валютасындағы шотта қажет сома (валюта түрлері бойынша), қайта айырбастау күніне бағам жеткіліксіз не жоқ болған, қолдар және (немесе) мөр бедері қолдар мен мөр бедерінің үлгілері бар бар құжатқа сәйкес келмеген жағдайда, шетел валютасын қайта айырбастауға арналған өтінім қайтару себептері көрсетіліп, орындалмастан, мемлекеттік мекемеге, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушыға қайтарылады.

      Шетел валютасын қайта айырбастауға арналған өтінімнің электрондық түрінде қате болған, қандай да қажеттi деректемелер болмаған немесе сәйкес келмеген, ЭЦҚ қате болған, шетел валютасындағы шотта қажетті сома (валютаның түрлері бойынша) жетпеген не жоқ болған кезде Шетел валютасын қайта айырбастауға арналған өтінімнен бас тарту себептерін көрсете отырып, "Қазынашылық-клиент" АЖ-да орындаусыз қайтарылады.

      349. ҚР ҰБ-дан шетел валютасындағы банк шоттары бойынша үзінді және электрондық түрдегі төлем құжаттары алынғаннан кейін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Мемлекеттік мекемелердің, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушының шетел валютасындағы шоттарынан ақшаны есептен шығаруды жүргізеді.

      350. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекеттік мекеменің, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушының шетел валютасындағы шоттарынан ақшаны есептен шығарған күні шетел валютасындағы шоттары жөніндегі үзінді көшірмені мемлекеттік мекеменің, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушының аумақтық қазынашылық бөлімшесі қалыптастырады және қағаз жеткізгіште мемлекеттік мекемеге, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушыға береді, сондай-ақ жауапты орындаушының белгісі соғылған шетел валютасындағы шоттардан ақшаны есептен шығару күнін көрсете отырып, қағаз жеткізгіште ұсынылған шетел валютасын қайта айырбастауға арналған өтінімнің бір данасын қайтарады. Қағаз жеткізгіште ұсынылған шетел валютасын қайта айырбастауға арналған өтінімнің екінші данасы аумақтық қазынашылық бөлімшесінде қалады.

      "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша қызмет көрсетiлетiн мемлекеттiк мекемелер, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушылар есебiн қалыптастыру мүмкiндiгi туралы хабарламаны алғаннан кейiн шетел валютасындағы шоттар бойынша үзiндi көшiрменi дербес қалыптастырады.";

      7-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-тарау. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне, мемлекеттік бағдарламаларды, қаржылық және/немесе қаржылық емес қолдау операторларына қызмет көрсету тәртібі";

      "1-параграф. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне, мемлекеттік бағдарламаларды, қаржылық және/немесе қаржылық емес қолдау операторларына қызмет көрсетудің жалпы ережелері";

      мынадай мазмұндағы 351-1-тармақпен толықтырылсын:

      "351-1. Мемлекеттік бағдарламаларды, қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау операторларына (бұдан әрі – қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау операторлары) қызмет көрсету бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде ашылған қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау операторларының шоттарына түсімдердің толық және уақтылы есептелуімен және төлемдер мен аударымдарды уақтылы жүзеге асырумен қамтамасыз етіледі.";

      352-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "352. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне, қаржылық және/немесе қаржылық емес қолдау операторларына қызмет көрсету кассалық негізде жүзеге асырылады. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, қаржылық және/немесе қаржылық емес қолдау операторларының шоттарына түсімдерді есепке алу және оларды есептен шығару жөніндегі операциялар ақшалай нысанда есепке алынады.";

      7-тараудың 2-параграфының атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-параграф. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, қаржылық және/немесе қаржылық емес қолдау операторларының шоттары.";

      мынадай мазмұндағы 354-1-тармақпен толықтырылсын:

      "354-1 Қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау операторларына арналған шоттар бюджеттік бағдарламалар әкімшілері тізімдерінің негізінде ашылады және бюджет ақшасын есепке жатқызуға және оларды қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдауды жүзеге асыру бойынша пайдалануға байланысты операцияларды есепке алуға арналған.";

      7-тараудың 3-параграфының атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-параграф. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, қаржылық және/немесе қаржылық емес қолдау операторларының кодтарын беру квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, қаржылық және/немесе қаржылық емес қолдау операторларының шоттарын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның ашуы, жүргізуі және жабуы.";

      мынадай мазмұндағы 356-1-тармақтың бірінші бөлігі толықтырылсын:

      "356-1. Қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау операторларына қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдауды жүзеге асыру бойынша шығыстарды жүргізу үшін бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган ҚБАЖ-ға жеті мәнді кодтар береді.";

      357, 358, 359, 360 және 361-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "357. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне, қаржылық және/немесе қаржылық емес қолдау операторларына кодтар беру және шоттар ашу үшін квазимемлекеттік сектор субъектілері, қаржылық және/немесе қаржылық емес қолдау операторлары бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне осы Ережеде көзделген құжат жиынын қалыптастыру үшін қажетті құжаттарды қоса, осы Ережеге 115-қосымшаға сәйкес нысан бойынша квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, қаржылық және/немесе қаржылық емес қолдау операторларының кодтарын беруге және шоттарын ашуға өтінім береді.

      Аумақтық қазынашылық бөлімшесі квазимемлекеттік сектор субъектілеріне, қаржылық және/немесе қаржылық емес қолдау операторларына кодтар беруге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, қаржылық және/немесе қаржылық емес қолдау операторларының шоттарын ашуға арналған өтінімді алған күннен бастап, келесі жұмыс күнінен кешіктірмей бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға осы Ережеге 115-қосымшаға сәйкес нысан бойынша квазимемлекеттік сектор субъектілеріне, қаржылық және/немесе қаржылық емес қолдау операторларына кодтар беруге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, қаржылық және/немесе қаржылық емес қолдау операторларының шоттарын ашуға өтінімді жібереді.

      Қаржылық және/немесе қаржылық емес қолдау операторларының шоттары мемлекеттік бағдарламаны, іске асырудың қолданыс мерзіміне ашылады.

      Квазимемлекеттік сектор субъектілері, қаржылық және/немесе қаржылық емес қолдау операторлары квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, қаржылық және/немесе қаржылық емес қолдау операторларының кодтарын беруге және шоттарын ашуға өтінімде көрсетілген деректемелердің дұрыстығын қамтамасыз етеді.

      358. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган аумақтық қазынашылық бөлімшелерінен осы Ережеге 115-қосымшаға сәйкес нысан бойынша квазимемлекеттік сектор субъектілеріне, қаржылық және/немесе қаржылық емес қолдау операторларына кодтар беруге өтінімдерді алған күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей кодтарды береді, ал квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, қаржылық және/немесе қаржылық емес қолдау операторларының шоттарын ашу квазимемлекеттік сектор субъектісіне, қаржылық және/немесе қаржылық емес қолдау операторына код берілгеннен кейін келесі күннен кешіктірмей жүзеге асырылады.

      359. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган квазимемлекеттік сектор субъектілеріне, қаржылық және/немесе қаржылық емес қолдау операторларына кодтар берілген күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей берілген кодтар туралы аумақтық қазынашылық бөлімшелеріне электрондық түрдегі хатпен хабарлайды.

      Аумақтық қазынашылық бөлімшелері бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органнан кодтар беру туралы хатты алған күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей квазимемлекеттік сектор субъектілеріне, қаржылық және/немесе қаржылық емес қолдау операторларына берілген кодтар және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне, қаржылық және/немесе қаржылық емес қолдау операторларын ашылған шоттар туралы жазбаша хабарлайды.

      360. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, қаржылық және/немесе қаржылық емес қолдау операторларының берілген кодтарының тіркелуі ҚБАЖ-да қалыптастырылатын тиісті анықтамалықта көрсетіледі.

      361. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, қаржылық және/немесе қаржылық емес қолдау операторларының ашылған шоттарын тіркеу осы Ережеге 49-қосымшаға сәйкес 5-19 "Қолма-қол ақшаны бақылау шоттарының тізбесі" нысаны бойынша аумақтық қазынашылық органының ішкі есебінде көрсетіледі.";

      7-тараудың 4-параграфының атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-параграф. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, қаржылық және/немесе қаржылық емес қолдау операторларының төлемдері мен ақша аударымдарын ұлттық валютада жүзеге асыру тәртібі";

      мынадай мазмұндағы 367-1-тармақпен толықтырылсын:

      "367-1. Қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау операторларының төлемдері мен ақша аударымдары қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау операторларының шоттарында қалған ақша қалдықтарының шегінде "Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 208 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14419 болып тіркелген) (бұдан әрі – ҚР ҰБ № 208 қағиладар) белгіленген нысан бойынша төлем тапсырмасы негізінде жүргізіледі.";

      370-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "370. Квазимемлекеттiк сектор субъектiсi, қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау операторы:

      1) төлем тапсырмаларын ұсынудың заңдылығы мен негiздiлiгiн;

      2) төлем тапсырмаларында көрсетiлген деректемелердiң дұрыстығын; ақша алушының пайдасына төлемдердi жүзеге асыру жөнiндегi мiндеттемелердiң уақтылы және толық орындалуын;

      3) жасалған операциялардың дұрыстығы;

      4) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне төлемнің негізділігін растайтын құжаттарды: тауарларды жеткізу туралы шот-фактураның немесе жүкқұжаттың (актінің) немесе орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісінің немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де құжат түрінің көшірмелерін ұсынуды.

      "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша қызмет көрсету кезінде заңды тұлға басшысының және бас бухгалтерінің ЭЦҚ-мен қол қойылған төлемнің негізділігін растайтын құжаттардың сканерленген үлгісі бекітіледі;

      5) "Қазынашылық-клиент" АЖ-ны пайдалану кезінде заңды тұлғаның құжаттар жинағындағы деректері бойынша басшының және бас бухгалтердің ЭЦҚ-ның дұрыстығын қамтамасыз етедi және олар үшін Бюджет кодексі 97-бабының 6-1-тармағына сәйкес жауапты болады.";

      мынадай мазмұндағы 371-2-тармақпен толықтырылсын:

      "371-2. Қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдауды жүзеге асыру бойынша төлемдер мен аударымдарды жүргізу үшін қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау операторы қағаз жеткізгіште немесе "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша электрондық түрде аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ("Қазынашылық-клиент" АЖ-да қалыптастырады) төлем тапсырмасын және төлемнің негізділігін растайтын құжаттарды: осы Ережеге 115-2-қосымшаға сәйкес тауарларды жеткізу туралы шот-фактураның немесе жүкқұжаттың (актінің) немесе орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісінің, мемлекеттік бағдарламаларды қаржылық қолдауды жүзеге асыру бойынша төлем жүргізу үшін растаудың немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де құжат түрінің көшірмелері.

      "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша қызмет көрсету кезінде заңды тұлға басшысының және бас бухгалтерінің ЭЦҚ-мен қол қойылған төлемнің негізділігін растайтын құжаттардың сканерленген үлгісі бекітіледі.";

      392-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "392. Уақытша бос бюджет ақшасын ҚР ҰБ салымдарына орналастыру (аудару) жөніндегі әрбір операция мәміле паспортымен ресімделеді, ол салымды орналастыру жөніндегі барлық деректерді: орналастыру сомасының мерзімін, орналастыруды бастау және аяқтау күнін, сыйақы ставкасын, сыйақы сомасын, қайтарылатын салым және есептелген сыйақы сомасын, салымды мерзімінен бұрын талап ету кезінде қолданылатын сыйақы ставкасын қамтуы тиіс.";

      мынадай мазмұндағы 8-1-тараумен толықтырылсын:

      "8-1 тарау. Қолма-қол ақшаның бақылау шоттарын және мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушылардың шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі

      399-1. Мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушылардың мынадай қолма-қол ақшаны бақылау шоттары мен шоттары бар:

      1) мемлекет кепілдік берген ұлттық валютадағы қарыз шоты;

      2) ұлттық валютадағы қызмет көрсету шоты;

      3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігімен қарыз шарттарына сәйкес мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген мемлекеттік емес қарыздардың ақшасын қарыз алушының есептеуі және жұмсауы үшін валюта түрлері бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылатын, мемлекет кепілдік берген шетел валютасындағы қарыз шоты;

      4) қарыз алушылардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігімен қамтамасыз етілген мемлекеттік емес қарыздарға қызмет көрсету және оларды өтеу жөніндегі операцияларды жүргізуі үшін валюта түрлері бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылатын шетел валютасындағы қызмет көрсету шоты.

      399-2. Мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушылардың шоттарына қызмет көрсету бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде ашылған шоттарға түсімдерді есепке алудың толықтығымен және уақтылылығымен және тиісті шоттар шеңберінде төлеу үшін төлемдер мен ақша аударымдарын уақтылы жүзеге асырумен қамтамасыз етіледі.

      399-3. Мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушылардың шоттарына қызмет көрсету кассалық негізде жүзеге асырылады. Мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушылардың шоттарына түсімдерді есепке алу және оларды есептен шығару жөніндегі операциялар ақшалай түрде есепке алынады.

      399-4. Мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушылардың шоттарынан түсетін түсімдер мен жүргізілген төлемдер және ақша аударымдары бойынша операциялар ҚБАЖ-да берілген жеті таңбалы кодтарға сәйкес есепке алынады.

      399-5. Мемлекет кепілдік берген қарыздың ұлттық валютадағы кодтарын беру мен шоттарын ашу үшін және (немесе) ұлттық валютадағы қызмет көрсету шоттарын осы Ережеде көзделген дерекнаманы қалыптастыру үшін қажетті құжаттарды қоса бере отырып, осы Ереженің 119-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қазынашылықтың аумақтық органдарына ұсынады.

      Мемлекет кепілдік берген қарыз шотын және (немесе) шетел валютасында қызмет көрсету шотын ашу үшін – 119-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шот ашуға өтінім ұсынады.

      Аумақтық қазынашылық органы Мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушыларға кодтар мен шоттарды беруге арналған өтінімді алған күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға осы Ереженің 119-1 және (немесе) 119-2-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушыларға кодтар мен шоттарды беруге арналған өтінімді жібереді.

      Мемлекет кепілдік берген қарыз шоттары және (немесе) ұлттық және шетел валютасындағы қызмет көрсету шоттары қарыздың қолданылу мерзіміне ашылады.

      Мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушылар өтінімдерде көрсетілген деректемелердің дұрыстығын қамтамасыз етеді.

      399-6. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган аумақтық қазынашылық органдарынан мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушыларға кодтар беруге өтінімдер алған күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей кодтар береді, ал шетел және ұлттық валютада шоттар ашу мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушыға код берілгеннен кейін келесі жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырылады.

      399-7. Мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушыларға берілген кодтарды тіркеу ҚБАЖ-да қалыптастырылатын тиісті анықтамалықта көрсетіледі.

      399-8. Мемлекет кепілдік берген қарыздардың ұлттық валютадағы ашық шоттарын және ұлттық валютадағы қызмет көрсету шоттарын тіркеу осы Ереженің 49-қосымшасына сәйкес "Қолма-қол ақшаны бақылау шоттарының тізбесі" 5-19 нысаны бойынша қазынашылықтың аумақтық органының ішкі есебінде көрсетіледі.

      Мемлекет кепілдік берген қарыздардың шетел валютасындағы ашық шоттарын және шетел валютасындағы қызмет көрсету шоттарын тіркеу осы Ереженің 50-қосымшасына сәйкес "Шетел валютасындағы шоттардың тізбесі" 8-08 нысаны бойынша қазынашылықтың аумақтық органының ішкі есебінде көрсетіледі.

      399-9. Тиісті мемлекеттік кіріс органдарын, қазынашылықтың аумақтық органдары мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушыларға кодтар мен шоттардың ашылғаны туралы, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган ашқаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жазбаша хабардар етеді.

      399-10. Мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушы атауын өзгерген кезде аумақтық қазынашылық органына мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтаманың көшірмесін қоса бере отырып, осы Ереженің 119-3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша атауын өзгертуге өтінім береді.

      399-11. Мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушының дерекнамасын қалыптастыру осы Ереженің 4-тарауының 5-параграфының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      399-12. Мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушының шоттарын жүргізу тәртібі осы Ереженің 4-тарауының 6-параграфының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      399-13. Мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушының шоттарын жабу тәртібі осы Ереженің 4-тарауының 8-параграфының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      399-14. Мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушылардың төлемдері мен ақша аударымдары ҚР ҰБ № 208 қағидаларымен белгіленген нысан бойынша төлем тапсырмаларының негізінде ұлттық валютадағы мемлекет кепілдік берген қарыз шоттарындағы және ұлттық валютадағы қызмет көрсету шоттарындағы қалдықтар шегінде жүргізіледі.

      399-15. Мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушылар Бюджет кодексінің 97-бабының 6-1-тармағына сәйкес:

      1) төлем тапсырмаларын ұсынудың заңдылығы мен негізділігі;

      2) төлем тапсырмаларында көрсетілген деректемелердің дұрыстығын; ақша алушының пайдасына төлемдерді жүзеге асыру жөніндегі міндеттемелердің уақтылы және толық орындалуын;

      3) жасалған операциялардың дұрыстығы;

      4) бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне төлемнің негізділігін растайтын құжаттарды: тауарларды жеткізу туралы шот-фактураның немесе жүкқұжаттың (актінің) немесе орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісінің немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де құжат түрінің көшірмелерін ұсыну.

      "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша қызмет көрсету кезінде Мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушы басшысының және бас бухгалтерінің ЭЦҚ-мен қол қойылған төлемнің негізділігін растайтын құжаттардың сканерленген үлгісі бекітіледі;

      5) мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушы басшысының және бас бухгалтерінің ЭЦҚ-ның "Қазынашылық-клиент" АЖ-ны пайдалану кезінде заңды тұлға құжат жинағының деректеріне сәйкестігін растау болып табылады.

      399-16. Төлемдер мен ақша аударымдарын жүргізу үшін мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушы қағаз тасығышта немесе "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша электрондық түрде аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ұсынады:

      1) мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген мемлекеттік емес қарыздардың ақшасын жұмсау кезінде - Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігімен берілетін қарыз шарты;

      2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігімен қамтамасыз етілген мемлекеттік емес қарыздарға қызмет көрсетуге және оларды өтеуге арналған ақшаны жұмсау кезінде 119-4-қосымшаға сәйкес сенім білдірілген агенттің растауы;

      3) қарыз алушы мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген мемлекеттік емес қарыздардың ақшасын мемлекет кепілдік берген қарыз шотынан - Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігімен қарыз шартынан жұмсаған кезде;

      4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігімен қамтамасыз етілген мемлекеттік емес қарыздарға қызмет көрсету және өтеу бойынша операцияларды жүргізу үшін сенім білдірілген агенттің 119-4-қосымшаға сәйкес растауы;

      399-17. Аумақтық қазынашылық бөлімшесі мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушылардан төлем тапсырмаларын қағаз тасығышта және "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша электрондық түрде қабылдауды жүзеге асырады.

      Қағаз тасығыштағы төлем тапсырмаларын қабылдау белгіленген қызмет көрсету кестесіне сәйкес жергілікті уақыт бойынша сағат 16.00-ге дейін жүзеге асырылады.

      399-18. Қағаз тасығыштағы төлем тапсырмасы және "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша электрондық түрде келіп түскен төлем тапсырмасы аумақтық қазынашылық бөлімшесі оны қабылдаған күннен кейінгі күннен бастап бір жұмыс күні ішінде орындалады не орындаусыз қайтарылады.

      399-19. Төлем қағаз тасығышта жүргізілгеннен кейін төлем тапсырмасының екінші данасы және осы Ережеге 54-қосымшаға сәйкес 5-20-нысан бойынша қалыптастырылған есеппен салыстырылады, төлем тапсырмасында төлем жүргізу күні мен 5-20-нысандағы салыстырып тексеруді жүзеге асыру күні көрсетіле отырып, аумақтық қазынашылық бөлімшесінің жауапты орындаушысының қолымен, мөртабан бедерімен расталады және мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушыларға беріледі. "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша қызмет көрсетілетін, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушылар 5-20 нысан бойынша есепті дербес қалыптастырады.";

      610-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "610. Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдарына, қаржы агенттіктеріне, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компанияға бюджеттік кредиттер бойынша, сондай-ақ қарыз алушылар ретінде жергілікті атқарушы органдар түпкілікті қарыз алушыларға мемлекеттің әлеуметтік саясатының міндеттерін шешуге беретін бюджеттік кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін қоспағанда, бюджеттік кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесі айналыс мерзімі бюджеттік кредиттің мерзіміне сәйкес келетін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган эмитенттеген тиісті мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша өткен тоқсанда бағалы қағаздардың ұйымдасқан қайталама нарығындағы операциялардың нәтижелері бойынша қалыптасқан кірістің орташа өлшенген мөлшерлемесінен төмен емес деңгейде белгіледі.

      Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кірістің орта мөлшерлік мөлшерлемесін анықтау тәртібі осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.";

      627- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "627. Бюджеттік кредитті қайта құрылымдау:

      1) негізгі борышты өтеу және (немесе) сыйақыны төлеу мерзімдерін өзгерту;

      2) бюджеттік кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесін өзгерту;

      3) бюджеттік кредиттің берілу мақсаттарына сәйкес іс-шараларды іске асыруға қарыз алушының бюджеттік кредитті пайдалана алатын игеру кезеңін өзгерту;

      4) бюджеттік кредиттің валютасын өзгерту;

      5) бюджеттік кредит, кредит бойынша сыйақы және өзге де төлемдер бойынша берешекті (мерзімі өткен берешекті) капиталдандыру (жиынтықтау);

      6) тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) толық және ішінара есептен шығару арқылы жүзеге асырылады.

      Бұл ретте, бюджеттік кредитті қайта құрылымдау тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте немесе тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімімен бекітілген бюджеттің кіріс бөлігінің мөлшеріне әсер етпеуі тиіс.";

      646-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "646. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мамандандырылған ұйымдар мен сенім білдірілген өкілдер (агенттер), бюджеттік кредит беру шартына сәйкес іріктеуде артықшылығы жүзеге асырылатын қаржы агенттігін және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту жөніндегі ұйымды және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компанияны қоспағанда, конкурстық негізде қарыз алушыны анықтайды";

      665-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "665. Бюджеттік кредит бойынша берешекті (мерзімі өткен берешекті) өтеу есебіне мүлікті мемлекеттік меншікке айналдыру кезінде немесе мерзімінен бұрын өтеу кезінде кредит беруші талаптарының мөлшері мүлік құнының сомасына азайтылады. Бюджеттік кредиттер бойынша берешекті (мерзімі өткен берешекті) өтеу есебіне мемлекеттік меншікке айналдырылатын мүлікті бағалау қарыз алушының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.";

      осы Ережеде көрсетілген 73, 75, 77, 78, 91, 113, 114 және 115-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 және 8-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы Ережеде көрсетілген 9, 10, 11, 12 және 13-қосымшалар осы бұйрыққа сәйкес 115-2, 119-1, 119-2, 119-3 және 119-4-қосымшалармен толықтырылсын.

      осы Ережеде көрсетілген 130 және 131-қосымшалар осы бұйрыққа 14 және 15-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев
     
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Қаржы министрінің
2022 жылғы 12 сәуірдегі
№ 397 бұйрығына
1-қосымша
Бюджеттің атқарылуы және
оған кассалық қызмет
көрсету ережесіне
73-қосымша

      Нысан

Шетел валютасындағы ақша алушыны енгізуге өтінім

      А. Өнім беруші (бюджет қаражатын алушы) туралы жалпы ақпарат

1. Өнім берушінің (бюджет қаражатын алушы) атауы


2. Өнім берушінің (бюджет қаражатын алушы) СТН*


3. Экономика секторы (БеК)


4. Ел


5. Облыс/респ. маңызы бар қала


6. Аудан/қала


7. Мекенжайы


8. Қосымша ақпарат**


      В. Өнім берушінің (бюджет қаражатын алушы) шоты туралы ақпарат

1. Бас банктің атауы


2. Банктің БСК


3. Банк бөлімшесінің атауы


4. Банк бөлімшесінің БСК


5. Өнім берушінің (бюджет қаражатын алушы) ЖСК


6. Валюта түрі


7. Қосымша ақпарат


8. Ел


9. Мекенжайы/Қала


      С. Делдал банк туралы ақпарат

1. Банктің атауы


2. Банктің БСК


3. ЖСК


4. Валюта түрі


5. Қосымша ақпарат


6. Ел


7. Мекенжайы/қала


      Мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушының/ММ басшысы
_________ ___________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Мөр орны

      Мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушының/ММ бас бухгалтері
_________ ___________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      ҚБАЖ-да берілген бірегей нөмір өнім берушінің (бюджеттік қаражат алушының):
Күні __ жылғы "___" ________.
Жауапты орындаушы: ___________________
Ескеру: * Ресей Федерациясына ресей рублін аударуға ғана; ** жеке тұлғаларға – жеке
тұлғаны куәландыратын құжаттар (құжаттың № мен берілген күні).
Аббревиатуранның толық жазуы:
ЖСН – жеке сәйкестендіру номер;
БеК – бенеффициар коды;
БСК–банктің сәйкестендіру коды;
ЖСК – жеке сәйкестендіру коды;
ҚБАЖ – қазынашылықтың біріктірілген ақпараттық жүйесі.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Қаржы министрінің
2022 жылғы 12 сәуірдегі
№ 397 бұйрығына
2-қосымша
Бюджеттің атқарылуы және оған
кассалық қызмет көрсету
ережесіне
75-қосымша

      Нысан

Шетел валютасындағы ақшаны алушының деректемелерiне өзгерiстер енгiзуге өтiнiм

р/с №

Өнім берушінің (бюджет қаражатын алушы) бірегей нөмімі

ҚБАЖ-ға енгізілген ақпарат (атауы, ССН, БСК, ЖСК, Кбе)

Өзгертуді қажет ететін ақпарат (атауы, ССН, БСК, ЖСК, Кбе)

1

2

3

4

      Мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушының/ММ басшысы
_________ ____________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Мөр орны
Мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушының/ММ бас бухгалтері
_________ ________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Ескеру: * Ресей Федерациясына ресей рублін аударуға ғана;
аббревиатуранның толық жазуы:
ЖСН – жеке сәйкестендіру номер;
БеК – бенеффициар коды;
БСК–банктің сәйкестендіру коды;
ЖСК – жеке сәйкестендіру коды;
ҚБАЖ – қазынашылықтың біріктірілген ақпараттық жүйесі;
ММ – мемлекетік мекеме.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Қаржы министрінің
2022 жылғы 12 сәуірдегі
№ 397 бұйрығына
3-қосымша
Бюджеттің атқарылуы және
оған кассалық қызмет
көрсету ережесіне
77-қосымша

      Нысан

      Мемлекеттiк мекеменiң коды ____________
Өтiнiм № _________
Бюджет түрi ___________________________
Қаржыландыру көзi _____________________

      Мемлекеттік мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге өтінім күні_____ жылғы "___"____________.

Мемлекеттік мекеменің атауы

Ақша алушының атауы,ЖСН (БСН),ЖСК, ақша алушының банк атауы және банктің БСК

Валюта айырбастаудың ресми бағамы

Сомасы

Шығынның сипаттамасы:







Шығыстардың бюджеттік сыныптама коды (тауар түрінің коды)





(Сомасы жазбаша)


Басшының қолы

құжат-негіздеме

Аванстық алдын-ала төлем мөлшері (%)

сомасы

ММ Басшысы _________
(лауазымы)
___________________
(қолы) (аты-жөні және тегі)

ММ Бас бухгалтері
___________________
(қолы) (аты-жөні және тегі)










      Ескеру:аббревиатуранның толық жазуы:
ЖСН –жеке сәйкестендіру номер;
БСН – банктік сәйкестендіру номер;
БСК–банктің сәйкестендіру коды;
ЖСК – жеке сәйкестендіру коды;
ММ – мемлекетік мекеме.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Қаржы министрінің
2022 жылғы 12 сәуірдегі
№ 397 бұйрығына
4-қосымша
Бюджеттің атқарылуы және
оған кассалық қызмет
көрсету ережесіне
78-қосымша

      Нысан

      Мемлекеттiк мекеменiң коды _____
Өтiнiм № ________
Бюджет түрi ___________________________
Қаржыландыру көзi _____________________

      Мемлекеттік мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілесін тіркеуге арналған өтінім күні ______ жылғы "__" _______

Мемлекеттік мекеменің атауы

Ақша алушының атауы,ЖСН (БСН),ЖСК, ақша алушының банк атауы және банктің БСК

Валюта айырбастаудың ресми бағамы

Сомасы

Шығыстың сипаттамасы:










Шығыстардың бюджеттік сыныптама коды (тауар түрінің коды)





(Сомасы жазбаша)


Басшылардың қолы

Құжат-негіздеме

Аванстық (алды-ала)төлем мөлшері (%)

сомасы

Басшының Т.А.Ә.

Бас бухгалтердің Т.А.Ә.










      Ескеру:аббревиатуранның толық жазуы:
Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты;
ЖСН –жеке сәйкестендіру номер;
БСН – банктік сәйкестендіру номер;
БСК – банктің сәйкестендіру коды;
ЖСК – жеке сәйкестендіру коды.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Қаржы министрінің
2022 жылғы 12 сәуірдегі
№ 397 бұйрығына
5-қосымша
Бюджеттің атқарылуы және
оған кассалық қызмет
көрсету ережесіне
91-қосымша

      Нысан 5-15

  Есеп жүргізілді_____________
  Х беті ______________

Мекеменің / квазимемлекеттік сектор субъектісінің, қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау операторының,мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушының төлемдері бойынша жүргізілген күнделікті үзінді көшірме

      Аймақ: ____________________________________

      Бюджет түрі: ________________________________

      Қаржыландыру көзі: _______________________

      Мемлекеттік мекеменің/КСС/қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау операторының/мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушының коды:_________________________

      Мемлекеттік мекеменің/КСС/қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау операторының/мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушының атауы: ______________________________

      Ерекшелік: ___________________________________

      Кезең: _____________________________________

      Өлшем бірлігі: _______________________________

р/с №

Төлем №

Төлем күні

Сомасы

Хабарлама №

Төлем шотының/төлем тапсырмасының №

Мекеме/бағдарлама кіші бағдарлама/ерекшелік

Ақша алушының егжей-тегжейі

ЖСН/БСН

атауы

Банктің БСК

Шоттың ЖСК

























































































БАРЛЫҒЫ



      Жауапты орындаушы __________________
Мөртабан орны (қолы)
Ескеру:аббревиатуранның толық жазуы:
ЖСН –жеке сәйкестендіру номер;
БСН – банктік сәйкестендіру номер;
БСК – банктің сәйкестендіру коды;
ЖСК – жеке сәйкестендіру коды;
КСС – квазимемлекеттік сектор субъектілері.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Қаржы министрінің
2022 жылғы 12 сәуірдегі
№ 397 бұйрығына
6-қосымша
Бюджеттің атқарылуы және оған
кассалық қызмет көрсету
ережесіне 113-қосымша

      Нысан

_ жылғы "___" ______________ шетелдік валютаны айырбастауға № өтінім

      Мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушының /мемлекеттік мекеменің атауы және коды

      Тапсырыс бойынша: ________________________________

      Пошталық мекенжайы: ______________________________

      (мемлекеттік мекеме/ мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушы)

      Уәкілетті мәміле бойынша мәселелерді шешуге жауапты орындаушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса): _____________________

      (мемлекеттік мекеме/мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушы немесе аумақтық қазынашылық бөлімшесі)

      Мемлекеттік мекеменің/мемлекет кепілдік берілген соманы қарыз алушының тартқан шетел валютасындағы шоты: ____________________________________

      ҚР ҰБ бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органының шоты, БСК ________________________________

      Шетел валютасындағы қаражатты пайдалану бағыты:

      ___________________________________________________

      ___________________________________________________

      ___________________________________________________

      (төлеуге берілетін шотта төлемнің мақсатында сәйкес келетін төлемнің мақсаты, азаматтық-құқықтық мәмілені (келісімнің, келісімшарттың) тіркеу туралы хабарламаның № көрсетіледі)

      Төлемдерді тағайындау коды:

      Төлеуге берілетін шоттың №

      Біздің шотымыздың есебінен және біздің атымыздан төмендегідей шарттарда шетелдік валютада ақшаны айырбастауға мәміле жасасуды тапсырамыз:

Валюта түрі

Валютаны айырбастау сомасы

ҚР ҰБ бағамы

Теңгеге айырбастау сомасы

      Өтінім іс-әрекетінің мерзімі 20__жылғы "___" ______ дейін

      Қаржыландыру көзі: ________________________________

      Орталық атқарушы органның аппарат басшысы (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның аппарат басшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлға), ал мұндай болмаған жағдайда - басшы (мемлекеттік мекеменің/мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушының немесе аумақтық қазынашылық бөлімшесінің
____________ _______________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Мөр орны

      Бас бухгалтер ____________ _______________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Мөртабан орны
Ескеру: аббревиатуранның толық жазылуы:
БСК – банктің сәйкестендіру коды;
ҚР ҰБ – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Қаржы министрінің
2022 жылғы 12 сәуірдегі
№ 397 бұйрығына
7-қосымша
Бюджеттің атқарылуы және
оған кассалық қызмет
көрсету ережесіне
114-қосымша

      Нысан

__жылғы "____" _____________ шетелдік валютаны қайта айырбастауға № өтінім

      Мемлекеттік мекеменің/мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушының атауы және коды: ______________________________

      Тапсырыс бойынша: _______________________________

      Пошталық мекенжайы: ____________________________

      (мемлекеттік мекеме/мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушы)

      мәміле бойынша мәселелерді шешуге уәкілетті жауапты орындаушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса): ___________________________________________

      (мемлекеттік мекеме/мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушы не аумақтық қазынашылық бөлімше)

      Мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушының/мемлекеттік мекеменің шетел валютасындағы шоты:

      _____________________

      ҚР ҰБ Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның шоты, БСК ___________________________________________________

      Төлемдердің атауы

      Төлемдерді тағайындау коды:

      Теңгемен алатын алушының шот деректемелері

      (атауы, БСН, БСК, ЖСК, БСК)

      ______________________________________________

      ______________________________________________

      Біздің шотымыздың есебінен және біздің атымыздан төмендегідей шарттарда шетелдік валютада ақшаны қайта айырбастап алуға мәміле жасасуды тапсырамыз:

Валюта түрі

Валютаны қайта айырбастау сомасы

ҚР ҰБ бағамы

Теңгені қайта айырбастау сомасы





      Өтінім іс-әрекетінің мерзімі 20__жылғы "___"___________ дейін

      Қаржыландыру көзі:________________________________

      Орталық атқарушы органның аппарат басшысы (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның аппарат басшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлға), ал мұндай болмаған жағдайда - басшы (мемлекеттік мекеменің/мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушының немесе аумақтық қазынашылық бөлімшесінің)
____________ _______________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Мөр орны
Бас бухгалтер ____________ _______________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Мөртабан орны ___________________________________
Ескеру: аббревиатуранның толық жазуы:
БСН – бизнес-cәйкестендіру нөмірі;
БСК – банктің сәйкестендіру коды;
ЖСК – жеке сәйкестендіру коды;
БСК – бюджеттік сынаптаманың коды;
ҚР ҰБ – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Қаржы министрінің
2022 жылғы 12 сәуірдегі
№ 397 бұйрығына
8-қосымша
Бюджеттің атқарылуы және
оған кассалық қызмет
көрсету ережесіне
115-қосымша

      Нысан

      __________________________________________________________________
(бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган/бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық қазынашылық бөлімшесі)
__________ жылғы "__" _____________________
Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне, қаржылық және қаржылық емес қолдау
операторларына код беруге және шот ашуға өтінім

КСС атауы, КСС коды, қаржылық және / немесе қаржылық емес қолдау операторы (бар болса)

Орналасқан жері

Экономика секторы

КСС басшысының, қаржылық және / немесе қаржылық емес қолдау операторының Т.А.Ә. (бар болса)

КСС бас бухгалтерінің, қаржылық және / немесе қаржылық емес қолдау операторының Т.А.Ә. (бар болса)

КСС, қаржылық және / немесе қаржылық емес қолдау операторының БСН

Мемлекеттік тіркелімге енгізілген КСС, қаржылық және / немесе қаржылық емес қолдау операторының мекенжайы, телефоны, факс

Негіздеме (негізінде КСС, қаржылық және / немесе қаржылық емес қолдау операторы құрылған нормативтік құқықтық акт )

Негіздеме (соның негізінде КСС, қаржылық және / немесе қаржылық емес қолдау операторы үшін ақша қаражаты бөлінетін нормативтік құқықтық акт) және қаражат бөлінетін бюджет деңгейі

КСС, қаржылық және / немесе қаржылық емес қолдау операторы шотының түрі (жарғылық капиталды ұлғайту үшін не мемлекеттік тапсырма шеңберінде, қаржылық және / немесе қаржылық емес қолдауды қолдауға )

      КСС, қаржы және/немесе қаржылық емес қолдау операторы (аумақтықтық қазынашылық бөлімшесі бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган) басшысы
___________ ______________________
(қолы) (қолды таратып жазу)
Мөр орны
Жауапты орындаушының белгісі
________ жылғы "___" ________
____________ ашық (КСС, қаржы, және/немесе қаржылық емес қолдау операторының коды)
_____________ ашық "___" ______ _________жылы
(КСС, қаржы және/немесе қаржылық емес қолдау операторының шоты)
Жауапты орындаушы _____________ ____________________
(қолы) (қолды таратып жазу)
Ескеру: аббревиатуранның толық жазуы:
Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты;
БСН – банктік сәйкестендіру номер;
КСС – квазимемлекеттік сектор субъектілері.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Қаржы министрінің
2022 жылғы 12 сәуірдегі
№ 397 бұйрығына
9-қосымша
  Бюджеттің атқарылуы және
оған кассалық қызмет
көрсету ережесіне
115-2-қосымша

      _____________________________________________
(аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнiң атауы)

      № растау
Мемлекеттік бағдарламаларды қаржылық қолдауды жүзеге асыру бойынша төлем жүргізу
үшін ____ жылғы "___" _______________

      Кезең ______________________ (ай/тоқсан/жыл үшін)

бағдарламаларды қаржылық қолдау операторы

Қарыз алушы

БСН

Атауы

БСН

Атауы

Қарыз/субсидиялау шартының нөмірі

Қарыз/субсидиялау шартының күні

Мемлекеттік қолдау шараларының атауы (Жеңілдікпен кредит беру, сайақының пайыздық ставкасын субсидиялау, кепілдік беру)

Соммасы (теңге)









      Оператор басшысы ______________ _____________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)

      Бас бухгалтер/маман ______________ ____________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
Ескеру: аббревиатуранның толық жазуы: БСН – бизнес-cәйкестендіру нөмірі.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Қаржы министрінің
2022 жылғы 12 сәуірдегі
№ 397 бұйрығына
10-қосымша
Бюджеттің атқарылуы және
оған кассалық қызмет
көрсету ережесіне
119-1-қосымша

      Нысан

      _____________________________________________________________________________
(бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган/бюджетті атқару жөніндегі орталық
уәкілетті органның аумақтық қазынашылық бөлімшесі)

     
Мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген мемлекеттік емес қарыздарға қызмет көрсету және оларды өтеу бойынша кодтарды беруге және қолма-қол ақшаның бақылау шоттарын ашуға өтінім
______ жылғы "___" __________

Мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушының атауы

Оргаласқан жері

Экономика секторы

Мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушы басшысының Т.А.Ә. (бар болса)

Мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушының бас бухгалтерінің Т.А.Ә. (бар болса)

Мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушының БСН

Мемлекеттік тіркелімге енгізілген мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушының мекенжайы, телефоны, факс

Шоттың негіздемесі мен атауы (мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушы құруға негіз болған нормативтік құқықтық акт)

      Мемлекет кепілдік берген қарыз тартқан
қарыз алушының басшысы (бюджетті атқару
жөніндегі орталық уәкілетті органның
аумақтық қазынашылық бөлімшесі)
___________ ______________________
(қолы) (қолды таратып жазу)
Мөр орны
Жауапты орындаушының белгісі
______ жылғы "___" _______ _______________ ашылды
(мемлекет кепілдік қарыз тартқан қарыз алушының коды)
______ жылғы "___" _______ _______________ ашылды
(мемлекет кепілдік қарыз тартқан алушыңын шоты)

Жауапты орындаушы
_____________ ____________________
(қолы) (қолды таратып жазу)

Ескеру:аббревиатуранның толық жазуы:
Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты;
БСН – банктік сәйкестендіру номер.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Қаржы министрінің
2022 жылғы 12 сәуірдегі
№ 397 бұйрығына
11-қосымша
Бюджеттің атқарылуы және
оған кассалық қызмет
көрсету ережесіне
119-2-қосымша

      Нысан

      ______________________________________________
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган

     
Мемлекет кепілдік берген қарыз шотын және (немесе) шетел валютасында қызмет көрсету шотын ашуға өтінім

№ т/т

Мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушы

Бюджет түрі

Мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушының орналасқан жерінің коды

Валюта түрі

Шот ашуға негіздеме

Шығыстар бағытының мақсаттары

Қаржыландыру көзі

Атауы

коды

1

2

3

4

5

6

7

8

9

I. Мемлекет кепілдік берген шетел валютасындағы қарыз шоты










II. Шетел валютасындағы қызмет көрсету шоты










      Мемлекет кепілдік берген қарыз тартқан қарыз алушының басшысы
_____________ _____________________
(қолы) (қолды таратып жазу)
мөр орны

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Қаржы министрінің
2022 жылғы 12 сәуірдегі
№ 397 бұйрығына
12-қосымша
Бюджеттің атқарылуы және
оған кассалық қызмет
көрсету ережесіне
119-3-қосымша

      Нысан

      __________________________________________________________________________
Бюджетті атқару жөніндегі орталық атқарушы орган/бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті
органның аумақтық қазынашылық бөлімшесі

     
Мемлекет кепілдік берген қарыз тартқан қарыз алушының атауын өзгертуге өтінім _____жылғы "___"____________

Р/с №

Мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушының коды

Мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушының бұрынғы атауы

Мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушының жаңа атауы

Өзгерістер енгізуге негіздеме

1

2

3

4

5











      Мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушының (бюджетті атқару жөніндегі
орталық уәкілетті органның аумақтық қазынашылық бөлімшесінің) басшысы
_____________ _____________________
(қолы) (қолды таратып жазу)
Мөр орны

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Қаржы министрінің
2022 жылғы 12 сәуірдегі
№ 397 бұйрығына
13-қосымша
Бюджеттің атқарылуы және
оған кассалық қызмет
көрсету ережесіне
119-4-қосымша

      Нысан

Мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген мемлекеттік емес қарыздарды өтеу және қызмет көрсету бойынша операцияларды жүргізуге өтінім

      1. Шот нөмірі ______________________________________________________________________
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша қазынашылық департаменті
2. Өтінім нөмірі
____________________________________________________________________
3. Төлем жасауды сұраймыз ______________________________________________
(валюта түрі) (төлеуге жататын сома санмен және жазумен)
Төлемдер жүргізу туралы өтініш білдіреміз және осымен мемлекеттік кепілдікпен
қамтамасыз етілген мемлекеттік емес қарыздарға қызмет көрсету және оларды өтеу
жөніндегі операцияларды жүргізуге өз келісімімізді растаймыз
________________________________________________________________________________

Төлем нұсқаулары

4. Қарыз берушінің атауы және мекенжайы

5. Төлем алушының (қарыз берушінің) атауы және мекен-жайы

5. Жеткізу деректемелері:
1) мемлекеттік емес қарыз туралы келісімнің нөмірі мен күні

6. Қаражат алушының атауы мен деректемелері және шот нөмірі

2) жобаның қысқаша сипаттамасы

7. төлем алушының корреспондент-банкінің атауы және деректемелері

3) төлемнің жалпы сомасы

8. ________________
(уәкілетті тұлғаның - сенім білдірілген агенттің қолы)

4. ________________
Мөр орны (Қарыз алушының лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы)

9. ________________
(Мөр орны, қол қойған күні)

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Қаржы министрінің
2022 жылғы 12 сәуірдегі
№ 397 бұйрығына
14-қосымша
Бюджеттің атқарылуы және
оған кассалық қызмет
көрсету ережесіне
130-қосымша

      Нысан

      Бюджет кредиттерін өтеу туралы жергілікті атқарушы органдардың есебі

р/с №

Кредиттің нөмірі және қол қойылған күні

Жобаның атауы

Кредит валютасы

Кредиттің қол қойылған сомасы

Бастапқы есеп беру кезеңіндегі негізгі борыштың қалдығы

Игерілген кредит қаражаты (түсті)

есепті кезеңнің басына

1

2

3

4

5

6

7

I бөлім. Республикалық бюджеттен берілген кредиттер

1) бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыруға арналған
әлеуметтік-экономикалық дамудың орташа мерзімді жоспары шеңберінде;

2) үкіметтік сыртқы қарыздар шеңберінде;



3) қолма-қол ақшаның болжамды тапшылығы кезінде.




II бөлім. Жергілікті атқарушы органдар бұрын тартқан кредиттер

1) әкімнің кепілдігімен;




2) басқа көздерден





III бөлім. Ішкі мемлекеттік қарыз алу


1) мемлекеттік бағалы қағаздар эмиссиясы



      кестенің жалғасы

Игерілген (түскен) кредит қаражаты

Негізгі борышты өтеу

Есеп берудің соңғы кезеңіндегі негізгі борыштың қалдығы

Есепті кезеңде

Есеп берудің басындағы жағдай бойынша төлемдердің кезеңі барлығы, басынан бастап

Есепті кезеңде


күні

сомасы

Тиесілі төлемдер

Жүргізілген төлемдер

күні

сомасы

8

9

10

11

12

13

14

      Жергілікті атқарушы
орган басшысы ___________________________________ ____________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
Жергілікті бюджетті атқару /
жөніндегі уәкілетті органның басшысы _____________________________ _____________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
Жергілікті бюджеттің атқарылуы жөніндегі
уәкілетті органның жауапты орындаушысы _________________________________ _________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
Мөр орны
Ескертпе:

      Есеп тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10 күніне дейін, валюта кредитіндегі
барлық сандық бағандары бойынша "Барлығы" деген жиынды жолды және "Бөлімі бойынша
жиыны" деген жиынды жолды көрсете отырып, валюта кредитіндегі кредиттер шегіндегі
бөлімнің белгісін және атауын көрсете отырып, әрбір бөлім бойынша жасалады.
Көрсеткіштерді теңгеде келтіру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген
тәртіпте айқындалған есепті кезеңнің соңғы күнтізбелік күніне арналған валюта
айырбастаудың ресми бағамы бойынша жүргізіледі.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Қаржы министрінің
2022 жылғы 12 сәуірдегі
№ 397 бұйрығына
15-қосымша
Бюджеттің атқарылуы
және оған кассалық қызмет
көрсету ережесіне
131-қосымша

      Нысан

      Жергілікті атқарушы органдардың бюджет кредиттеріне қызмет көрсету туралы есебі

 
Р/с №

Кредитке қол қойылған күні және нөмірі

Жобаның атауы

Кредит валютасы

Кредитің қол қойылған сомасы

Сыйақы төлемдері (мүдделері)

Ілеспе төлемдер төленді *

есеп беру басындағы кезең жағдайы бойынша төлемдердің басынан бастап барлығы

Есепті кезеңде

 
есепті кезеңнің басындағы жағдай бойынша төлемдердің басынан бастап барлығы

тиесілі төлемдер

жүргізілген төлемдер

күні

сомасы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

I Бөлім. Республикалық бюджеттен берілген кредиттер




1) әлеуметтік-экономикалық дамудың орташа мерзімді жоспары шеңберінде бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыруға;



2) үкіметтік сыртқы қарыздар шеңберінде;





3) қолма-қол ақшаның болжамды тапшылығы кезінде.














II Бөлім. Жергілікті атқарушы органнан бұрын тартылған кредиттер


1) әкімнің кепілдігімен;






2) басқа көздерден














III Бөлім. Ішкі мемлекеттік қарыз алу





1) мемлекеттік бағалы қағаздар эмиссиясы






      кестенің жалғасы

Ілеспе төлемдер төленді**

Мерзімі өтіп кеткен төлемдер

есепті кезеңде

есепте кезең басында

есепте кезең соңында

тиесілі төлем

жүргізілді

негізгі борыш бойынша

сыйақы бойынша

ілеспе төлемдер*

негізгі борыш бойынша

сыйақы бойынша

ілеспе төлемдер *

күні

сомасы

11

12

13

14

15

16

17

18

19

      Жергілікті бюджетті атқарушы
органның басшысы _______________________________________ ____________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
Жергілікті бюджетті атқару жөніндегі
уәкілетті органның басшысы _________________________ ____________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
Жергілікті бюджетті атқару жөніндегі
уәкілетті органның жауапты орындаушысы __________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
Мөр орны
Ескертпе:
Есеп тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10 күніне дейін, валюта кредитіндегі
барлық сандық бағандары бойынша "Барлығы" деген жиынды жолды және "Бөлімі бойынша
жиыны" деген жиынды жолды көрсете отырып, валюта кредитіндегі кредиттер шегіндегі
бөлімнің белгісін және атауын көрсете отырып, әрбір бөлім бойынша жасалады.
Көрсеткіштерді теңгеде келтіру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген
тәртіпте айқындалған есепті кезеңнің соңғы күнтізбелік күніне арналған валюта
айырбастаудың ресми бағамы бойынша жүргізіледі.
*кредиттеудің шарттарынан туындайтын аванстық төлемдер, комиссиондық, айыппұлдар,
сақтандыру жарналары және өзге төлемдер.


Дата вступления в силу:  12.04.2022
Дата изменения акта:  12.04.2022
Дата принятия акта:  12.04.2022
Информация об официальном опубликовании акта:  ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі, 15.04.2022 ж.
Место принятия:  100050000000
Орган, принявший акт:  103002000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  166376
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  397
Статус акта:  new
Сфера правоотношений:  006000000000 / 006001000000 / 001008000000
Форма акта:  ПРИК / ИЗМ / ДОП
Юридическая сила:  1500
Язык акта:  kaz