"Қазақстан Республикасының аумағында кәмелетке толмаған жолаушыларды әуемен тасымалдау кезінде туристік өнімге қосылған билет құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 7 желтоқсандағы №

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2022 жылғы 5 сәуірдегі № 90 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 6 сәуірде № 27462 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының аумағында кәмелетке толмаған жолаушыларды әуемен тасымалдау кезінде туристік өнімге қосылған билет құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 7 желтоқсандағы № 375 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25724 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында кәмелетке толмаған жолаушыларды әуемен тасымалдау кезінде туристік өнімге қосылған билет құнын субсидиялау қағидаларында:

      3-тармақтың 6) тармақшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
Д. Абаев
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
     
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі