Қарақия аудандық мәслихатының 2018 жылғы 7 наурыздағы № 16/184 "Қарақия аудандық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" шешімінің құрылымдық элементінің күші жойылды деп тану туралы

Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 2021 жылғы 27 қазандағы № 8/70 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 15 қарашада № 25161 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Қарақия аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Қарақия аудандық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қарақия аудандық мәслихатының 2018 жылғы 7 наурыздағы № 16/184 шешімінің қосымшасының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3553 болып тіркелген) 1-тармағының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарақия аудандық мәслихатының хатшысы Ж. Қалаубай