Қарақия аудандық мәслихатының шешімінің құрылымдық элементінің күші жойылды деп тану туралы

Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 2021 жылғы 27 қазандағы № 8/69 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 13 қарашада № 25138 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Қарақия аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Қарақия аудандық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қарақия аудандық мәслихатының 2015 жылғы 28 қазандағы № 29/298 кейбір шешімдеріне өзгерістер тізбесінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2905 болып тіркелген) 7-тармағының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Қарақия аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Қарақия аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарақия аудандық мәслихатының хатшысы Ж. Қалаубай