Жезқазған қалалық мәслихатының 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 37/338 "Кеңгір ауылының, Талап ауылының, Малшыбай ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын бекіту туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2021 жылғы 22 желтоқсандағы № 14/126 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 23 желтоқсанда № 25939 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына Заңына сәйкес Жезқазған қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Жезқазған қалалық мәслихатының "Кеңгір ауылының, Талап ауылының, Малшыбай ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 37/338 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3596 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жезқазған қалалық мәслихатының хатшысы А. Досанов