"Cыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2020 жылғы 30 шілдедегі № 6-НҚ нормативтік қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2021 жылғы 8 шілдедегі № 7-НҚ нормативтік қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 9 шілдеде № 23409 болып тіркелді

      "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 4-тармағының 9) тармақшасына сәйкес Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі - Есеп комитеті) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Есеп комитетінің 2020 жылғы 30 шілдедегі № 6-НҚ нормативтік қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21070 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) аудиторлық рәсімдер – аудиторлық іс-шара барысында оны жүргізу бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылатын, аудиторлық іс-шара мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті іс-қимылдар;

      2) аудиторлық іс-шара – мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша аудиторлық есептер мен аудиторлық қорытындыларды дайындауға, жүргізуге, ресімдеуге бағытталған іс-қимылдар кешені;

      3) қаулы – сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының аудиторлық қорытындыны бекітетін құжаты;

      4) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау материалдары – мемлекеттік аудитті жүргізу үшін қажетті құжаттар, сондай-ақ оның нәтижелері бойынша жасалған құжаттар және қоса берілетін аудиторлық дәлелдемелер;

      5) сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары (бұдан әрі – Сыртқы мемлекеттік аудит органдары) – Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Тексеру комиссиялары;

      6) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілері – мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, квазимемлекеттік сектор субъектілері, сондай-ақ бюджет қаражатын алушылар (бұдан әрі – мемлекеттік аудит объектілері);

      7) мемлекеттік аудиттің сапасын бақылау – мемлекеттік аудиторлар мен мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының өзге де лауазымды адамдары мемлекеттік аудитті жүзеге асыру кезінде жасайтын құжаттардың мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сәйкестігі мәніне тексеру және (немесе) талдау;

      8) нұсқама – анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларға итермелейтін себептерді, жағдайларды жою, сондай-ақ осы бұзушылықтарға жол берген адамдарға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылық шараларын қолдану үшін мемлекеттік аудит объектілеріне, ұйымдар мен лауазымды адамдарға жіберілетін, орындау үшін міндетті сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының актісі;

      9) тапсырма – аудиторлық іс-шараны жүргізуге және сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органы шешімдерінің орындалуын тексеруге құқық беретін ресми құжат, "Тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актілерді, олардың мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актілерді тіркеу және олардың күшін жою, тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау мерзімдерін тоқтата тұру, қайта бастау, ұзарту, қатысушылар құрамын өзгерту туралы хабарламаларды тіркеу және тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау, және олардың нәтижелері туралы ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну туралы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 13 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13171 болып тіркелген) сәйкес құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органда тіркей отырып, қатаң есептілік бланкісінде ресімделеді.";

      49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "49. Алдын ала зерделеу сатысында аудиторлық іс-шараның мақсаттары, мәселелері мен өлшемшарттары қалыптастырылады.

      Алдын ала зерделеу сатысында мемлекеттік аудит тобы тұжырымдаған және әдіснамалық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшемен келісілген тиімділік аудитінің өлшемшарттары Есеп комитетінің аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесінің қолы қойылған хатпен аудит объектісіне талқылау үшін жіберіледі.

      Алдын ала зерделеу сатысында мемлекеттік аудит тобы тұжырымдаған тиімділік аудитінің өлшемшарттары Тексеру комиссиясының аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесінің қолы қойылған хатпен аудит объектісіне талқылау үшін жіберіледі.";

      137-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "137. Нұсқаманың және Жиынтық тізілімнің жобалары сапа бақылауы рәсімі жүргізілгеннен кейін Есеп комитетінің (Тексеру комиссиясының) аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесінің қолы қойылып, Есеп комитетінің (Тексеру комиссиясының) отырысы өткізілгенге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірілмей мүдделі тараптарға қарау үшін жіберіледі.

      Мүдделі тараптар Нұсқаманың және Жиынтық тізілімнің жобаларымен келіспеген жағдайда Есеп комитетіне (Тексеру комиссиясына) жазбаша қарсылықтарын оларды алған күннен бастап екі жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ұсынады.

      Аудиторлық қорытындының, Жиынтық тізілімнің және Нұсқаманың жобалары Есеп комитетінің (Тексеру комиссиясының) аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесінің қолы қойылып, мемлекеттік аудит объектісіне қарау үшін және Есеп комитетінің (Тексеру комиссиясының) отырысына дайындалу мақсатында Есеп комитетінің (Тексеру комиссиясының) отырысы өткізілгенге дейін екі жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі.

      Аудиторлық қорытындының, Жиынтық тізілімнің, Қаулы мен Нұсқаманың жобалары мемлекеттік аудит объектілері және мүдделі тараптар қарсылықтарының қаралуын ескере отырып, Есеп комитетінің (Тексеру комиссиясының) отырысына шығарылады.";

      181-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, соның ішінде бюджетке өтеуді, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарлар беру және (немесе) ерікті түрде өтелмеген (қалпына келтірілмеген) анықталған бұзушылықтар сомасын есепке алу бойынша көрсету жолымен қалпына келтіруді қамтамасыз ету және нұсқамаларды орындау үшін сотқа талап қоюды беру болып табылады.";

      5-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-параграф. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, соның ішінде бюджетке өтеуді, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарлар беру және (немесе) ерікті түрде өтелмеген (қалпына келтірілмеген) анықталған бұзушылықтар сомасын есепке алу бойынша көрсету жолымен қалпына келтіруді қамтамасыз ету және нұсқамаларды орындау мақсатында сотқа талап қоюды беру";

      196-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "196. Есеп комитеті (Тексеру комиссиясы) сотқа талап қоюды беруді нұсқамаларының, соның ішінде бюджетке өтеудің, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарлар беру және (немесе) ерікті түрде өтелмеген (қалпына келтірілмеген) анықталған бұзушылықтар сомаларын есепке алу бойынша көрсету жолымен қалпына келтірудің қажеттігін қамтитын нұсқамаларының тапсырмалық тармақтары көрсетілген мерзімдерде орындалмаған және орындау мерзімдерін ұзарту туралы шешім болмаған кезде жүзеге асырады.".

      2. Есеп комитетінің Сапа бақылауы, әдіснама және аудит бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы нормативтік қаулының Есеп комитетінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы нормативтік қаулының орындалуын бақылау Есеп комитетінің аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы нормативтік қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Республикалық бюджеттің атқарылуын
бақылау жөніндегі есеп комитетінің Төрайымы
Н. Годунова