"Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 131 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2021 жылғы 2 сәуірдегі № 246 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 5 сәуірде № 22492 болып тіркелді

      "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-2-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын ақпаратпен толықтыру қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының мазмұнына қойылатын талаптар бекітілсін.

      2. "Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын ақпараттық толықтыру қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 116 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 26 ақпанда № 13262 болып тіркелген, 2016 жылғы 26 мамырда Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Цифрлық трансформациялау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Б. Мусин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және қоғамдық даму министрі

  Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш
өнеркәсібі министрінің
2021 жылғы 2 сәуірдегі
№ 114/НҚ Бұйрығына
1-қосымша

Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын ақпаратпен толықтыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын ақпаратпен толықтыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-2-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік органдардың интернет-ресурсын (бұдан әрі – интернет-ресурс) ақпаратпен толықтыру тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) интернет-ресурс – бірегей желілік мекенжайы және (немесе) домендік аты бар және Интернетте жұмыс істейтін аппараттық-бағдарламалық кешенде орналастырылған ақпарат (мәтіндік, графикалық, аудиовизуалды немесе өзге де түрде);

      2) қол жеткізу шектелген ақпарат – мемлекеттік құпияларға, жеке, отбасылық, дәрігерлік, банктік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияларға жатқызылған ақпарат, сондай-ақ "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар қызметтік ақпарат;

      3) мемлекеттік органдар интернет-ресурстарының бірыңғай платформасы – мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын орналастыруға арналған технологиялық платформа.

2-тарау. Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын ақпаратпен толықтыру тәртібі

      3. Орталық атқарушы органдар және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар интернет-ресурстарын интернет-ресурстардың бірыңғай платформасында орналастырады.

      4. Мемлекеттік орган интернет-ресурсының құрылымы және орналастырылатын ақпараттың құрамы, сондай-ақ қолжетімділігі шектеулі ақпаратты қоспағанда, мемлекеттік органның қызметіне қатысы бар өзге де ақпарат "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес қалыптастырылады.

      5. Мемлекеттік органдар интернет-ресурсының дизайнында адаптивті веб-дизайн пайдаланылады, ол интернетке қосылған түрлі құрылғыларда Интернет-ресурстың дұрыс көрсетілуін қамтамасыз етеді және браузер терезесінің берілген өлшемдеріне динамикалық түрде икемделеді.

      6. Мемлекеттік органдар интернет-ресурсының ақпараттық көздері тиісті құрылымдық бөлімшелер әзірлеген және ұсынған материалдарды құрайды.

      7. Интернет-ресурста жаңалықтар хабарламаларын өзектендіру күн сайын жүзеге асырылады, өзге бөлімдерді өзектендіру ақпаратты алған немесе жасаған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады

      8. Жаңалық хабарларын орналастыру кезінде жаңалық хабарламалары тақырыбының мемлекеттік органдардың қызмет саласына сәйкестігі қамтамасыз етіледі. Жаңалық хабарлары оның мәнін көрсететін қысқа және барынша айқын ұсыныстардан құралады. Жаңалық мәтінінде оқиғаның күні, орны, мазмұны, нәтижелері туралы ақпараттың мазмұны қамтамасыз етіледі.

  Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш
өнеркәсібі министрінің
2021 жылғы 2 сәуірдегі
№ 114/НҚ Бұйрығына
2-қосымша

Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының мазмұнына қойылатын талаптар

      1. Осы Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының мазмұнына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-2-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының (бұдан әрі – интернет-ресурс) мазмұнына қойылатын талаптарды белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) балама мәтін – тек мәтінді көрсететін құрылғыларды пайдаланған кезде мәтіндік емес веб-контенттің мазмұнын және функциясын түсінуге мүмкіндік беретін мәтін;

      2) веб-контент – электрондық ақпараттық ресурстың мәтіндік, мәтіндік емес немесе медиа мазмұны;

      3) веб-браузер – веб-сайттарды қарауға арналған арнайы бағдарлама;

      4) интернет-ресурс – бірегей желілік мекенжайы және (немесе) домендік аты бар және Интернетте жұмыс істейтін аппараттық-бағдарламалық кешенде орналастырылған (мәтіндік, графикалық, аудиовизуалды немесе өзге де түрдегі) ақпарат;

      5) сайттың "жертөлесі" (footer) – қосымша навигациялық элементтерді, сыртқы ресурстарға сілтемелерді, техникалық сілтемелерді, контактілерді, сондай-ақ кері байланыс нысандарын қамтитын барлық беттерге ортақ интернет-ресурстың төменгі бөлігі;

      6) скринридер ("экран оқушы") – экраннан мәтіндерді дыбыстауға мүмкіндік беретін бағдарламалық қамтылым;

      7) тег – интернет-ресурстың веб-бетіндегі мәтіннің көрінісін өзгертетін HTML тілінің элементі;

      8) сайттың "қалпақшасы" (header) – барлық беттерге ортақ, ұйымның атауын, логотипін, сондай-ақ навигация, авторизация және қосымша параметрлер тақтасын қамтитын интернет-ресурстың жоғарғы бөлігі;

      9) HTML (Hyper Text Markup Language – "гипермәтіндік белгілеу тілі") – Интернет желісіндегі құжаттарды белгілеудің стандартты тілі;

      10) on-lіne – Интернет желісіне қосылудың белсенді жағдайы;

      11) SMІL – интерактивтік мультимедиялық таныстырылымдарды құру үшін белгілеу тілі.

      3. Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстары бейімделген веб-дизайн әдісімен әзірленеді. Интернет-ресурстың бейімділігі стационарлық және мобильді құрылғылардың пайдаланушылары үшін бірдей ақпараттық контенттің толыққанды қолжетімділігін қамтамасыз етеді.

      4. Мемлекеттік органдардың интернет-ресурсын пайдалану ыңғайлылығына қойылатын талаптар осы Талаптарға қосымшада ұсынылған.

      5. Интернет-ресурстардың басты беттері сайттың тақырыбын, навигациялық мәзірін, контент ауданын, сайттың "жертөлесін" қамтиды.

      6. Интернет-ресурстардың бірыңғай құрылымын қалыптастыру мемлекеттік органдардың интернет-ресурстары беттерінің құрылымына бірыңғай көзқараспен айқындалады.

      7. Интернет-ресурста орналастырылатын ақпарат уақыттың ағымдағы сәтіне сәйкес келеді.

      8. Интернет-ресурсқа және ондағы барлық электрондық ақпараттық ресурстарға аутентификация рәсімінен өтпей-ақ пайдаланушыларға қолжетімділікті қамтамасыз етіледі.

      9. Электрондық ақпараттық ресурстар веб-браузер құралдары арқылы мәтін фрагменттерін іздеу және көшіру мүмкіндігін қамтамасыз ететін гипермәтіндік форматта ұсынылады.

      10. Нормативтік құқықтық және өзге де актілер, актілердің жобалары, сот қаулылары, баяндамалар, есептер, шарттар, шолулар, болжамдар, хаттамалар, қорытындылар, статистикалық ақпарат, нысандар мен өзге де құжаттардың үлгілері гипермәтіндік форматқа қосымша интернет-ресурста оларды пайдаланушылардың техникалық құралдарында сақтау мүмкіндігін қамтамасыз ететін форматта файлдар түрінде ұсынылған.

      11. Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік органдардың интернет-ресурсында интеграция арқылы орналастырылады.

      12. Нормативтік құқықтық актілер интернет-ресурста олардың түпнұсқаларының сканерленген бейнесі түрінде графикалық форматта қосымша орналастырылады.

      13. Нормативтік құқықтық актілер интернет-ресурста олардың нысанын, тақырыбын, қабылданған орны мен күнін, тіркеу нөмірін, нормативтік құқықтық актілерге қол қоюға уәкілеттік берілген адамның немесе адамдардың қолтаңбасын, мемлекеттік тіркеу күні мен нөмірін көрсете отырып ұсынылады және уақтылы жаңартылып отырады.

      14. Интернет-ресурстың бетінде орналастыру кезінде мазмұнды бөлімдер мен нормативтік құқықтық база арасындағы айқас сілтемелер пайдаланылады.

      15. Мұрағаттық деректер кемінде үш жылды құрайды.

      16. Мемлекеттік орган басшысының, басшы орынбасарларының, құрылымдық бөлімшелер, аумақтық органдар, шетелдік өкілдіктер, ведомстволық бағынысты ұйымдар басшыларының, консультативтік және кеңесші органдардың басшылары мен мүшелерінің, мемлекеттік органның қандай да бір жұмыс учаскесіне жауапты өзге де қызметкерлерінің тегін, атын, әкесінің атын (ол болған кезде) көрсеткен кезде олардың толық тегі, атын, әкесінің атын (ол болған кезде) көрсетіледі.

      17. Мемлекеттік органның телефон, факс нөмірлерін көрсеткен кезде қаланың (облыстың, ауданның) коды көрсетіледі.

      18. Пошта мекенжайын интернет-ресурста көрсеткен кезде пошта индексі көрсетіледі.

      19. Ақпаратты орналастыру кезінде ақпаратты орналастыру күні мен уақытын, сондай-ақ соңғы өзгерістің күні мен уақытын айқындау мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.

      20. Интернет-ресурстың басты бетінің дизайнында графикалық элементтердің көлемі бойынша артық жүктелуге жол берілмейді және:

      веб-беттерді жүктеудің жоғары жылдамдығын қамтамасыз ету қажет;

      интернет-ресурстың графикалық бөлігін безендіруде графика мен анимация құралдарын минималды пайдалану.

      21. Әдепкі бойынша интернет-ресурстың қазақ тіліндегі нұсқасы ашылады. Интернет-ресурстың тілі өзгерген кезде сол бір қаралатын бет ашылады.

      22. Сайттың "тақырыпшасында" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі, Мемлекеттік орган интернет-ресурсының тиесілілігіне нұсқау, логотип, сондай-ақ навигация, авторизация және қосымша баптаулар панелі (тілдік нұсқаны таңдау, нашар көретіндерге арналған нұсқаны ауыстырып қосқыш) бар.

      23. Баннерлік сілтемелер бірдей мөлшерде орналастырылады және тұрақты немесе уақытша сипатта болады.

      24. Интернет-ресурстың навигациялық мәзірі интернет-ресурстың негізгі бөлімдеріне жылдам өтуді қамтамасыз етеді, интернет-ресурстың кез келген бетіне қолжетімділік үштен артық емес өтуді талап етеді. Навигациялық элементтер интернет-ресурстың барлық беттерінде бір жерде орналасады. Пайдаланушыға интернет-ресурстың құрылымы және осы құрылымдағы көрсетілетін беттің орналасқан жері туралы көрнекі ақпарат беріледі. Навигацияның бірдей элементтері бір стильге ие.

      25. Навигациялық мәзірде интернет-ресурс бойынша толық мәтінді іздеуді орындау үшін іздеу өрісі бар.

      26. Интернет-ресурстың басты бетінің контенттік аймағы мыналарды қамтиды:

      форматтағы жаңалықтар: күні, тақырыбы, иллюстрациялық бейнесі және қысқаша мазмұны (бар болса);

      мемлекеттік органның қызмет бағыттары туралы ақпараты бар кіші бөлімдерге сілтемелер тізбе;

      маңызды материалдар мен пайдаланушылар сұраған анықтамалық ақпаратқа сілтемелері бар ақпараттық блоктар мен баннерлер;

      мемлекеттік органның соңғы қосылған құжаттарының тізбесі;

      әкімшілік лауазымдарға орналасуға арналған соңғы бос жұмыс орындарының тізбесі;

      өзекті оқиғалар мен іс-шаралар тізімі;

      мемлекеттік орган көрсететін танымал мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізбесі (болған жағдайда);

      Байланыс ақпараты – мемлекеттік органның пошталық мекенжайы, телефоны және электрондық мекенжайы, сондай-ақ кері байланыс арналарына сілтемелер (электрондық өтініштер, "Сұрақ-жауап" сервисі, басшының блогы);

      мемлекеттік органның іске асырылатын жобаларының тізбесі;

      27. Басты бетке сілтеме интернет-ресурстың кез келген бетінен қол жетімді болып табылады.

      28. Беттердегі тақырыптар мен қолтаңбалар осы беттің мазмұнын (мақсатын), ағымдағы бөлімнің және көрсетілетін құжаттың атауын сипаттайды.

      29. Интернет-ресурстың стандартты бетін жүктеудің шекті уақыты 4 секундтан аспайды.

      30. Ақпараттық материалдарды орналастыру кезінде "ҚР СТ 2191-2012 – Ақпараттық технологиялар мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін интернет-ресурстың қолжетімділігі", "ҚР СТ 2994-2017 – Интернет-ресурстар нашар көретіндер үшін қолжетімділік" талаптарын ескере отырып, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қолжетімділік нормаларының– Мүмкіндіктері шектеулі адамдар (когнитивтік бұзылуы және оқуының бұзылуы бар пайдаланушылар, нашар көретіндер, мобильдік құрылғыларды пайдаланатын әртүрлі шектеулері бар пайдаланушылар) үшін веб-контентке қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстан Республикасының Ұлттық стандартын (бұдан әрі – Ұлттық стандарт) орындалуын сақтау қажет.

      31. Нашар көретін және көзі көрмейтін адамдар үшін интернет-ресурстың қолжетімділігі нашар көретін және көзі көрмейтін адамдар үшін Интернет-ресурстың баламалы нұсқасын жасау арқылы қамтамасыз етіледі. Интернет-ресурстың осы нұсқасына өту үшін басты бетке мәтіндік гиперсілтемені орналастыру қажет. Нашар көретін және көзі көрмейтін адамдар үшін интернет-ресурстың баламалы нұсқасы болмаған жағдайда мемлекеттік органның интернет-ресурсында Ұлттық стандарт талаптарының орындалуын қамтамасыз ету қажет.

      32. Нашар көретін және көзі көрмейтін адамдардың интернет-ресурсқа толық қолжетімділігі үшін ондағы барлық негізгі ақпарат мәтін түрінде ұсынылады.

      33. Интернет-ресурста ақпаратты спамнан қорғау үшін графикалық кодтар қолданылған жағдайда, көзі көрмейтін пайдаланушылар үшін баламалы дыбыстық кодты ұсыну қажет.

      34. Интернет-ресурста on-lіne режимінде толтыруға арналған электрондық нысандарды орналастыру кезінде, пайдаланушы ақпаратты дұрыс енгізбеген жағдайда, жіберілген қате туралы мәтіндік нысандағы Автоматты хабарламаны көздеу қажет.

      35. Графикалық файлдар кескінді түсіндіретін мәтінмен бірге жүреді, графикалық ақпаратты интернет-ресурстың беттеріне орналастырған кезде барлық пайдаланушылардың түсіндіруі үшін баламалы қолтаңба тегін пайдалану қажет.

      36. Интернет-ресурста фондық суреттер пайдаланылмайды, олар оны қабылдауды қиындатуы немесе ақпаратты бұрмалауы мүмкін.

      37. Көру қабілеті бұзылған адамдар үшін мемлекеттік органның интернет – ресурсының оқылуын арттыру үшін сурет пен фонның, сондай-ақ мәтін мен фонның контраст коэффициенті-кемінде 4,5:1.

      38. Мемлекеттік органның интернет-ресурсының бетінде орналастыру кезінде көлденең айналдыруға жүгінбей, веб-контентті немесе мемлекеттік органның интернет-ресурсының функционалдығын жоғалтпай (мәтіннің титрлері мен бейнелерін қоспағанда) қаріп мөлшерін ұлғайту мүмкіндігі беріледі.

      39. Ақпаратты интернет-ресурста орналастырған кезде SMІL көмегімен аудио, бейне мазмұны үшін тиісті синхрондалған титрлар беріледі.

      40. Интернет-ресурста ақпаратты орналастырған кезде скринридермен оқу үшін бейне-контенттің мәтіндік сипаттамасын көздеу керек.

      41. Интернет-ресурстың бетінде интернет-ресурстың басты бетінен ағымдағы ашық бетке дейінгі бөлімдер бойынша жүру жолын қамтитын навигациялық тізбектер пайдаланылады.

      42. Интернет-ресурстың бетінде мәтіндік ақпараттың үлкен көлемін орналастыру кезінде беттің әртүрлі бөлімдеріне ішкі сілтемелер пайдаланылады. Беттің әр бөлімінде пайдаланушыға беттің басына оралуға мүмкіндік беретін "басына оралу" сілтемесі бар.

      43. Интернет-ресурста үш секундтан артық автоматты түрде ойнатылатын веб-контент үшін дыбысты тоқтату, кідірту немесе өшіру тетігінің болуы қамтамасыз етіледі.

      44. Қозғалатын, жыпылықтайтын, айналдырылатын, автоматты түрде жаңартылатын элементтер үшін пайдаланушыларға автоматты түрде жаңартылатын ақпаратты кідіртуге, тоқтатуға, жасыруға немесе жаңарту жиілігін өзгертуге мүмкіндік беретін механизм беріледі; элементтердің қозғалысын/жылжуын/жылжуын тоқтату немесе жасыру.

      45. Интернет-ресурста жедел пернелердің толық жұмыс істеуі қамтамасыз етіледі.

  Мемлекеттік органдардың
интернет-ресурстарының
мазмұнына қойылатын
талаптарға
қосымша

Мемлекеттік органның интернет-ресурсты пайдаланудың ыңғайлылығына қойылатын талаптар

Р/с №

Талап

Мазмұны

1

Интернет желісіндегі интернет-ресурстың қолжетімділігі

Google, yandex іздеу жүйелерінде интернет-ресурстың қолжетімділігі, maіl.ru мемлекеттік органның толық және қабылданған қысқартылған атауы бойынша

2

Интернет-ресурста ақпараттың қолжетімділігі

1) Fіrefox, Mіcrosoft Edge, Google Chrome, Opera, Safarі браузерлері, сондай-ақ Androіd Және іOS негізгі мобильді платформаларының браузерлері үшін ақпарат пен интернет-ресурс құрылымын дұрыс көрсету;
2) навигациялық қолжетімділік (кез келген құжат немесе ақпарат басты беттен бастап навигация мәзірін пайдалана отырып, интернет-ресурс бойынша 3 ауысудан артық емес уақытта қолжетімді болуы тиіс);
3) интернет-ресурстың әрбір бетінде негізгі навигациялық мәзірдің, басты бетке сілтеменің, сайт картасының, іздеу нысанының болуы;
4) Интернет-ресурстың иерархиялық құрылымында пайдаланушының орналасқан жерін көрсететін навигациялық тізбектердің болуы;
5) сайт картасының болуы;
6) ақпараттың іздестіру қолжетімділігі:
іздеу өрісіне кемінде 20 таңба енгізу;
интернет-ресурста орналастырылатын барлық мәтіндік ақпарат бойынша контекстік іздеудің болуы;
интернет-ресурс бойынша кеңейтілген іздеу функциясының болуы;
іздеу нәтижелерін жеке бетте көрсету (іздеу сұрауы іздеу жолағында қалуы керек);
7) ақпарат форматының қолжетімділігі:
ақпаратты әр түрлі форматта орналастыру: гипермәтіндік және машинамен оқылатын түрде, оны пайдаланушының техникалық құралдарына сақтау мүмкіндігін қамтамасыз етеді және сақтағаннан кейін мәтіннің еркін фрагментін іздеу және көшіру мүмкіндігін береді. Бұл жағдайда мәтінді кодтау UTF-8 форматында болуы керек; Мәтін rtf, txt, HTML,XML форматтарында ұсынылған – мұрағатталған файл пішімі-zіp;
жүктеу үшін қолжетімді құжаттардың пішімдері мен мөлшерлерін көрсету;
арнайы бағдарламалық қамтылымды орнатпай, интернет-ресурста орналастырылған ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету;
интернет-ресурста орналастырылған ақпаратқа авторизациясыз қол жеткізуді қамтамасыз ету;
8) көлемді құжаттар бойынша навигация:
ақпараттың үлкен блоктарын мағыналық бөліктерге бөлу;
нормативтік құқықтық актілердің мәтінінде құжаттың әртүрлі бөлімдеріне ішкі сілтемелердің (зәкірлердің) болуы;
9) ақпаратты орналастыру күні мен уақытын, сондай-ақ ақпаратты соңғы өзгерту күні мен уақытын көрсету;
10) гипермәтіндік сілтемелердің болуы:
белсенді емес сілтемелер мен жоқ беттерге сілтемелер жоқ;
сілтеме бойынша басқа тілдік нұсқаның тиісті бетіне өту мүмкіндігі (интернет-ресурстың тілі өзгерген кезде сол қаралатын бет ашылуы тиіс);
сыртқы Интернет-ресурсқа гиперсілтемені орналастыру кезінде веб-шолғыштың жаңа терезесінде (қосымша бетінде) сыртқы интернет-ресурстың тиісті бетін ашу және бұл туралы пайдаланушыға хабарлау;
11) сайттың "тақырыпшасында" мемлекеттік орган интернет-ресурсының тиесілілігін көрсетудің болуы;
12) интернет-ресурстың басты бетіне тікелей қол жеткізуді қамтамасыз ету (заставканың болмауы)

3

Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қолжетімділік

1) мағыналық жүктемесі бар мәтіндік емес және медиа веб-контент үшін баламалы мәтіннің болуы;
2) үш секундтан артық автоматты түрде ойнатылатын веб-контент үшін тоқтату, кідірту немесе дыбысты өшіру тетігінің болуы;
3) автоматты түрде қозғалатын, жыпылықтайтын, айналдырылатын веб-мазмұнды тоқтату механизмінің болуы, секундына үш реттен көп жыпылықтайды;
4) интерфейстің белсенді компонентін бір уақытта бөліп көрсете отырып, пернетақтаның көмегімен веб-мазмұнның барлық функционалдығын басқару мүмкіндігінің болуы;
5) әрбір веб-бетте веб-беттің негізгі мазмұнына өту сілтемесінің болуы; Интернет-ресурстың веб-бетінде мәтіндік ақпараттың үлкен көлемін орналастыру кезінде пайдаланушыға веб-беттің басына оралуға мүмкіндік беретін "жоғары" сілтемесінің болуы;
6) пайдаланушы ақпаратты енгізген кезде анықталған қате туралы мәтіндік хабарламаның болуы (нысандарды толтыру кезінде);
7) көлденең жылжуға жүгінбей, веб-контентті немесе интернет-ресурстың функционалдығын жоғалтпай қаріп өлшемін 200%-ға дейін өзгерту мүмкіндігі (титрлар мен мәтін кескіндерін қоспағанда)

4

Интерактивті байланыс құралдарының болуы

1) сұрауларды жіберу үшін кері байланыс нысанының болуы;
2) анонстар мен жаңалықтарды, Мемлекеттік сатып алу конкурстарын өткізу туралы хабарландыруларды беруге арналған RSS-арнасының болуы;
3) мемлекеттік органның интернет-ресурсына жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен мәселелерді талдау негізінде қалыптастырылған, жиі қойылатын сұрақтар бөлімінің (FAQ) болуы;
4) ағылшын тіліндегі нұсқасының болуы