ЗҚАИ-ның ескерпесі!
Осы бірлескен бұйрық 01.01.2022 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.
БҰЙЫРАМЫЗ:
1. "Астық нарығын реттеу, мақтаның қауіпсіздігі мен сапасы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 259 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 63 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19025 болып тіркелген, 2019 жылғы 19 шілдеде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Астық нарығын реттеу саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы";
1-тармақтың 2), 5) және 7) тармақшалары алып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі __________А. Иргалиев |
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі __________С. Омаров |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті |