Көкпекті аудандық маслихатының 2016 жылғы 20 қазандағы № 7-3/1 "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті аудандық мәслихатының 2020 жылғы 31 наурыздағы № 45-6/5 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 13 сәуірде № 6885 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті аудандық мәслихатының 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 16-5/2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті аудандық мәслихатының 15.04.2022 № 16-5/2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабының 2 тармағына сәйкес, Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Көкпекті аудандық маслихатының 2016 жылғы 20 қазандағы № 7-3/1 "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4735 нөмерімен тіркелген, 2016 жылғы 15 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде, 2016 жылғы 20 қарашадағы "Жұлдыз"-"Новая жизнь" газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      1 тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды оқу жылы ішінде ай сайын төрт айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өндіріп алынсын.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А. Бойков
      Көкпекті аудандық мәслихат хатшысы Т. Сарманов