Мәслихаттың 2015 жылғы 23 қарашадағы № 324 "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 2020 жылғы 3 шілдедегі № 414 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 9 шілдеде № 9313 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 2021 жылғы 14 қазандағы № 60 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 14.10.2021 № 60 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық - педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы № 324 шешіміне (2015 жылғы 15 желтоқсанда "Қарасу өңірі" аудандық газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6045 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қазақ тіліндегі тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы";

      көрсетілген шешімнің қазақ тіліндегі 2-тармағының бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "2. Мыналар:";

      көрсетілген шешімнің қазақ тіліндегі 2-тармағының 1), 4) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "1) кемтар балаларды оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу "Қарасу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады;";

      "4) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тиісті оқу жылы ішінде өтініш берген айдан бастап тағайындалады және әрбір кемтар балаға төленеді деп белгіленсін.";

      көрсетілген шешімнің 2-тармағының 2), 3) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:

      "2) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үйде оқытылатын кемтар балалардың ата-аналарына және өзге де заңды өкілдеріне (бұдан әрі – алушы) беріледі;

      3) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін алушы мынадай құжаттарды:

      өтінішті;

      алушының жеке басын куәландыратын құжатты (жеке басын сәйкестендіру үшін);

      психологиялық - медициналық - педагогикалық консультацияның қорытындысын;

      мүгедектігі туралы анықтаманы;

      банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді растайтын құжатты;

      оқу орнының мүгедек баланы үйде оқыту фактісін растайтын анықтамасын ұсынады.

      Құжаттарды салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, одан кейін құжаттардың түпнұсқалары алушыға қайтарылады;".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы К. Муканов
      Қарасу аудандық мәслихатының хатшысы С. Казиев