"Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларын бекіту туралы" Шиелі аудандық мәслихатының 2018 жылғы 29 қазандағы №30/3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 2020 жылғы 17 наурыздағы № 51/3 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 19 наурызда № 7327 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 2025 жылғы 28 ақпандағы № 26/8 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 28.02.2025 № 26/8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      “Құқықтық актілер туралы” Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1."Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларын бекіту туралы" Шиелі аудандық мәслихатының 2018 жылғы 29 қазандағы № 30/3 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6506 нөмірімен тіркелген, 2018 жылғы 19 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларының 5-тармағы алынып тасталсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шиелі аудандық мәслихаты
сессиясының төрағасы
П. Маханбет
      Шиелі аудандық
мәслихат хатшысы
Б. Сыздық