Сайлау учаскелерін құру туралы

Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № 97 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 28 мамырда № 7495 болып тіркелді.

      "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Жангелдин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2020 жылға арналған Жангелдин ауданының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Жангелдин ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Жангелдин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жангелдин ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

      Жангелдин ауданының әкімі Ш. Оспанов

  Әкімдіктің
2020 жылғы 27 мамырдағы
№ 92 қаулысына
қосымша

2020 жылға арналған Жангелдин ауданының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының әкімшілік-аумақтық орналасуы

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының атауы

Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында ата-ананың бір айдағы төлемақы мөлшері (теңге)

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың бір айдағы орташа құны (теңге)

1

Жангелдин ауданы, Ахмет Байтұрсынұлы ауылы

"Жангелдин ауданының Ахмет Байтұрсынұлы ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Балбөбек" бөбекжай-балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

25

35100

3 жасқа дейін - 3500

2

Жангелдин ауданы, Торғай ауылы

"Жангелдин ауданының Торғай ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Балдырған" бөбекжай-балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

140

35100

3 жасқа дейін – 5250 3 жастан бастап - 6300

3

Жангелдин ауданы, Ақкөл ауылы

"Жангелдин ауданының Ақкөл ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Күншуақ" бөбекжай-балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

34

35100

3 жасқа дейін – 3300 3 жастан бастап - 3500